7M04112 Менеджмент
Цель: Білім беру бағдарламасының мақсаты ішкі және сыртқы орта параметрлерінің өзгеруі жағдайында ұйымдарды, бөлімшелерді, қызметкерлер командаларын, жобалар мен инновацияларды басқару саласында қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын және педагогикалық, ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыратын жаңа форматтағы білікті кадрларды дайындау болып табылады.
Предметы на ЕНТ: Менеджмент и Бизнесті ұйымдастыру

Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты ішкі және сыртқы орта параметрлерінің өзгеруі жағдайында ұйымдарды, бөлімшелерді, қызметкерлер командаларын, жобалар мен инновацияларды басқару саласында қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше алатын және педагогикалық, ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыратын жаңа форматтағы білікті кадрларды дайындау болып табылады.
ОН 1. Ұйымдардың табысты қызмет атқаруы мен дамуын қамтамасыз ететін тиімді бизнесті құру үшін қайта құрылымдау модельдерін құру;
ОН 2. Корпоративтік қаржы жағдайын диагностикалау және стратегиялық менеджмент саласындағы тиімді басқару шешімдерін жобалау;
• ОН 3. Басқа адамдармен тез және оңай байланыс орнату, олардың ойлары мен қажеттіліктерін түсіне алу, өз әрекеттерін топ мүшелерімен үйлестіру, өз көзқарасын дұрыс қорғау, ұжымдық шешім қабылдауда белсенділік таныту, ұйым мақсаттарына жету мен міндеттерін шешудің жаңа заманауй нұсқалары мен жолдарын ұсыну.
• ОН 4. Кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін ұйымдастыру және басқару саласындағы күрделі және стандартты емес жағдайларда басқарушылық шешімдерді әзірлеу;
ОН 5. Маркетингтік, өндірістік және қаржылық талдау әдістерін пайдалана отырып жобаның тиімділігі мен табыстылығын негіздей алатын бизнес-жоспар әзірлеу.
ОН 6. Жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау және ақпараттық технологиялар әдістерін қолдана отырып ұйымның штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын және жалақы қорын құру.
ОН 7. Мотивация, көшбасшылық, топтық динамика, қақтығыстарды басқару және жоғары корпоративтік мәдениет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қоса алғанда, адам ресурстары мен ұйымдастырушылық мінез-құлықты басқарудың тиімді моделін дайындау.
ОН 8. Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу
ОН 9. Стратегиялық басқару жүйесіндегі мақсаттарға, міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігі мен ағымдағы стратегиясына мониторинг жүргізу және бағалау негізінде компанияның даму стратегиясын әзірлеу;
ОН 10. Менеджменттің заманауи аналитикалық құралдарын, басқарудағы сандық әдістерді, диагностика, талдау және проблемаларды шешу әдістерін, сондай-ақ ұйым қызметінде шешімдер қабылдау және оларды іске асыру әдістерін анықтау;
ОН 11. Басқару мен бизнес тиімділігінің әлеуметтік, экологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін ғылыми зерттеулер мен есептеулерді жүргізу әдістерін талдау;
ОН 12. Заманауи оқыту технологияларын қолдана отырып академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру және ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны әлеуметтендіруді қалыптастыруға бағытталған тәрбие процесін құру;
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Заманауи менеджменттегі жаһандық экономикалық кеңістік-5 ECTS
- Операцияларды жобалау және басқару-5 ECTS
- Басқарушылық шешімдер әзірлеудің заманауи технолгиялары-5 ECTS
- Компанияның кадрлық саясаты-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Адам ресурстарын басқару-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Заманауи бизнес моделдерді құрастыру-5 ECTS
- Компания құнын басқару-5 ECTS
- Жобалық талдау-5 ECTS
- Стратегиялық басқару-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Бренд - менеджмент-5 ECTS
- Бизнесті дамыту және масштабтау-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Эмоционалды интеллект-5 ECTS
- Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі-5 ECTS
- Командалық менеджмент-5 ECTS
- Көшбасшылық-5 ECTS
- Бизнес коммуникация-5 ECTS
- Тайм-менеджмент-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет объектілері мемлекеттік басқару органдары, кәсіпорындар, ұйымдар және фирмалар қызмет түріне, меншік көлеміне немесе нысанына қарамастан, оқу орындары және ірі корпорациялар болып табылады. Магистрлердің кәсіби қызмет салалары: экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтер; әр түрлі сала, сфера және меншік нысанындағы ұйымдар; қаржылық, кредиттік және сақтандыру мекемелері; мемлекеттік және муниципалдық билік органдары.
Байланыс
Менеджмент кафедрасы Кафедраның мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 71. БОҒ-3 корпусы Кафедраның орналасқан орны: 2 қабат, 221 кабинет Кафедрамен байланыс: +7 (727) 221-12-48 Кабинет 221, E-mail: kafedra222@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123