Білім беру бағдарламасы
Исламтану саласындағы іргелі біліммен, сараптамалық, ұйымдастырушылық және ғылыми қызметті жоғары деңгейде ұстайтын, мемлекеттік және қоғамдық сұранысқа ие бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды әзірлеу.
1. Исламтану мамандығының негізгі салаларына қатысты басты ұғымдарды ғылыми негізде жіктейді;
2. Құран аяттарын оқудың негізгі критерилерін тәжуид ережелерімен сәйкестендіре меңгере отырып, ғылыми және діни тұрғыда түсіндіре біледі;
3. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін жеткізушілер тізбегі бойынша сенімділік деңгейін анықтай және оларды діни мәселелерде дереккөз ретінде пайдалана отырып, оларға ғылыми түсініктеме береді (шарх);
4. Ислам теологиясындағы акиданың (діни сенімнің) классикалық ережелерін меңгеру арқылы діннің негізгі құндылықтарын талдап түсіндіреді;
5. Қазірге дейінгі және кейін пайда болған діни ағымдардың ұстанымдарын талдай отырып, әртүрлі діни және конфессиялық дәстүрлерге қарай төзімділікке негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды дәлелдейді;
6. Саяси және діни ағымдардың жат идеологияларына қарсы тиісті жауаптар дайындау арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде олардың ұстанымдарын талдайды;
7. Қазіргі діни мәселелерді түсіндіру кезінде ислам шариғатының негізгі тақырыптарын фиқһ мәзһабтары әдісі бойынша әзірлейді;
8. Алынған теориялық білімдерін киелі мәтіндерді талдап, зерттеп, діни өркениетті түсіндіруге пайдаланады;
9. Әлеуметтік мәселелерді шешуде және деструктивті ағымдарға қарсы күресте ислам этикасын, әдет-ғұрпын және тасаввуфты тиімді пайдаланады;
10. кәсiпкерлiк, қаржылық сауаттылық, кәсiптiк қызметтiң стандартты мәселелерiн шешу, экология және адам қауiпсiздiгi дағдыларын меңгереді.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«6В02202-Исламтану» білім беру бағдарламасының түлектері мамандықтары бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің Дін істері комитетінде маман болып, Мемлекеттік құрылымдардағы, Қоғамдық бірлестіктердегі, ҒЗИ-дағы сарапшы, әлеуметтік талдаушы қызметін, Терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығында сарапшы қызметін атқарады. Сонымен қатар түлектер магистратурада оқуын жалғастыра алады
Байланыс
Қойшыбаева Салтанат Санатқызы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы:
+7 707 429 7879
БББ бойынша құжаттар
23123123