Білім беру бағдарламасы
білім беру үдерісіне қатысушыларға білікті психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі мен жеке қасиеттері дамыған педагог-психологтарды даярлау.
1. күнделікті өмір саласындағы және білім беру саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамалар мен өзге де нормативтік актілердің нормаларын қолдануға;
2. психологиялық-педагогикалық бейіні мен мақсатына диагностика жасауға;
3. білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның жағдайына психологиялық-педагогикалық мониторинг және талдау жүргізуге;
4. оқыту, тәрбиелеу, дамыту қиындықтарын жеңуге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру арқылы білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге;
5. білім алушылардың физикалық, психологиялық, әлеуметтік денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған психологиялық-педагогикалық жұмысты іске асыруға;
6. білім беру қызметінің дамытушылық және түзету бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеуде оқу-әдістемелік жұмысты қйымдастыруға;
7. әртүрлі құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы білім беру ұйымындағы инновациялық процестерді психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламаларын әзірлеп ұсынуға;
8. білім беру процесіне қатысушыларға (педагогтерге, ата-аналарға, білім алушыларға) оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, әлеуметтендіру мәселелері бойынша кеңес беруге;
9. әр түрлі жағдайларда, соның ішінде баланың девиантты мінез-құлқының алдын алу және түзету бойынша білім беру мекемесінің отбасымен өзара әрекеттесуін құруға;
10. білім алушылардың жас және психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің оңтайлы технологияларын жобалауға;
11. зерттеудің аналитикалық және практикалық әдістері мен дәлелдеу жүйелерін тиімді қолдана отырып, педагогика және психология бойынша теориялық және эмпирикалық ғылыми зерттеулер жүргізуге
12. белгілі бір білім алушының ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, психологиялық-педагогикалық әсер етудің әртүрлі технологияларын қолдануға қабілетті болады деп күтілуде.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«6В01101-Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші түлектерге жұмыс беруші негізгі мекемелер:
- мектептер, гимназиялар мен лицейлер;
- арнаулы орта оқу орындары, колледждер мен жоғары оқу орындары,
- мектепке дейінгі мекемелер;
арнайы (түзету) білім беру ұйымдары, балалар үйлері, интернат-үйлер;
- білім беру орталықтары мен балаларды дамыту орталықтары;
- қосымша білім беру мекемелері;
- әлеуметтік-психологиялық көмек және халыққа қолдау көрсету орталықтары мен қызметтері
- әлеуметтік мекемелер (қарттар үйлері, паллиативтік мекемелер және т.б.).Бағдарлама АРТА рейтингінде 1 орынды алады.
Байланыс
Баярыстанова Эльмира Темирхановна - «6В01101-Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы координаторы
+7-701-422-2739