Білім беру бағдарламасы
ББ мақсаты логистикалық жүйелер мен процестерді оңтайландыру саласындағы ғылыми зерттеулерге креативті ойлау және шығармашылық көзқарас негізінде идеялар қалыптастыруға қабілетті іргелі ғылыми және кәсіби дағдылары бар PhD докторларын даярлау болып табылады
ОН1. өндіріске және басқаруға инновациялық технологияларды енгізу қажеттілігін ескере отырып, бизнес-процестерді жетілдірудің негізгі бағыттарын жүйелеу;
ОН2. логистика саласындағы бизнес-процестерді жобалау және талдау, инжиниринг және реинжиниринг әдістерін қолдану негізінде олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
ОН3. инжинирингтік жобаларды және оларды іске асыру тәжірибесін талдау, бизнес-процестердің тиімділігін бағалау, бизнес-процестердің құрылымдық, шығындық және динамикалық талдауы үшін әдістер мен бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде логистикалық бизнес-процестерді реинжинирингтеудің орындылығын бағалау;
ОН4. есептерді шешу үшін математикалық аппаратты қолдану, процеске сәйкес математикалық модельді құру, қолдану және оның сәйкестігін тексеру, модельдеу нәтижелерін талдау, алынған нәтижелер бойынша шешім қабылдау;
ОН5. эксперименттік деректер мен алынған шешімдердің нәтижелерін салыстыра отырып, таңдалған үлгінің дұрыстығын негіздеу, жеткізу тізбегіндегі ұсынылған басқару шешімдерінің экономикалық тиімділігін бағалау;
ОН 6. логистикалық жүйелерді, процестерді және жеткізу тізбегін мультикритериалды оңтайландыру мәселелері форматында талдау және модельдеу;
ОН 7. логистикалық бизнес-процестерді реинжиниринг саласында оқыту әдістемесінің заманауи жетістіктері мен кәсіптік білімдерін ескере отырып, білім беру қызметін ұйымдастыру және өткізу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Білім беру бағдарламасының мақсаты іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы бар, логистикадағы жүйелік талдаудың заманауи теориялары мен инновациялық әдістерін меңгерген, жеткізу тізбектерін инновациялық басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздерін және логистикадағы жобалаудың заманауи теориялары мен әдістерін тереңдете зерделеу, логистикадағы математикалық модельдер мен зерттеу әдістерін пайдалану негізінде логистикалық жүйелерді оңтайландыру саласындағы қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларды тұжырымдай және шеше алатын PhD докторларын даярлау, логистика саласындағы ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу қызметін ұйымдастырады және сәтті жүзеге асырады.
«Логистика» мамандығының түлектері фирмаларда, корпорацияларда және ұлттық компанияларда логист қызметін атқара алады. Бүгінгі таңда логистика адам қызметінің барлық дерлік түрлерін қамтиды. Логист – өнімді жеткізу, тарату, қоймалау, тасымалдау процестерін оңтайландыруға және осы кезеңдердің барлығында шығындарды азайтуға байланысты мәселелерді шешетін маман. Бұл мамандар көлік, дистрибьюторлық және өндірістік компанияларда жұмыс жасайды. Логистика мамандинынын бугінгі танда нарыкта суранысы жогары.
Байланыс
Ахметкалиева С.К.
Ұялы тел.: +77077122522
sandygula025@gmail.com