6B05205 География
Цель: География ғылымының проблемаларын бағалауға және талдауға, білімнің жаңа объектілерін игеруге, сондай-ақ, географиялық проблемалар саласында жаңа білім қалыптастыруға, өндірістік міндеттерді тұжырымдауға және оларды зерттеудің инновациялық әдістері арқылы жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік органдарда және қызметі географиялық зерттеулермен байланысты жеке компанияларда географ-зерттеушінің кәсіби функцияларын орындай алатын білікті жұмысшыларды даярлауға арналған.
Предметы на ЕНТ: Математика и География
Білім беру бағдарламасы
География ғылымының проблемаларын бағалауға және талдауға, білімнің жаңа объектілерін игеруге, сондай-ақ, географиялық проблемалар саласында жаңа білім қалыптастыруға, өндірістік міндеттерді тұжырымдауға және оларды зерттеудің инновациялық әдістері арқылы жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау. Бағдарлама ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік органдарда және қызметі географиялық зерттеулермен байланысты жеке компанияларда географ-зерттеушінің кәсіби функцияларын орындай алатын білікті жұмысшыларды даярлауға арналған.
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін бакалаврлар келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі:
1. Қазіргі қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық даму заңдылықтарын түсіну;
2. География ғылымының қазіргі жағдайын, проблемалары мен даму перспективаларын бағалау;
3. Жер беті рельефінің даму тарихын, құрылымын, пайда болу ерекшеліктерін және қазіргі динамикасын түсіну;
4. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму міндеттерін шешуде географияның заманауи әдістерін қолдану;
5. ГАЖ технологияларының көмегімен географиялық ақпаратты өңдеудің заманауи инновациялық әдістерін қолдану;
6. Зерттеудің статистикалық, математикалық, картографиялық әдістерін пайдалана отырып, географиялық зерттеулер жүргізу;
7. Шаруашылық пен халықтың кеңістіктік құрылымдарының қалыптасу заңдылықтарын талдау;
8. Әртүрлі деңгейдегі табиғи-шаруашылық және аумақтық, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің дамуын, қоршаған орта мен халықтың өзара іс-қимылын бағалау;
9. ГАЖ технологияларын және жиналған геодеректер базасын пайдалана отырып, Қазақстан өңірлерінің тақырыптық карталарын жасау;
10. Әлеуметтік-экономикалық, саяси, физикалық-географиялық және геоморфологиялық процестердің қазіргі жағдайына аналитикалық шолу жасау;
11. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талқылау үшін ұсыну және өз көзқарасын дәлелдеу;
12. Еңбек нарығы сұраныстарының біліктілік талаптарына сәйкес болу; қойылған міндеттерге, проблемалық жағдайларға және т. б. байланысты қызметтің ерекше түрлерін орындай білу;
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Жалпы жертану-6 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Оқу-жалпы географиялық далалық-2 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржылық сауаттылықтың негіздері-5 ECTS
- Топография геодезия негіздерімен-5 ECTS
- Гидрология және метеорология негіздері-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Картография-6 ECTS
- Топырақ географиясы топырақтану негіздерімен-5 ECTS
- Жалпы және тарихи геология-5 ECTS
- Жалпы геоморфология-5 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Кешенді аймақтық-4 ECTS
- Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе-5 ECTS
- Далалық географиялық зерттеу әдістері-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Курстық жұмыс: Қазақстанның физикалық географиясы-0 ECTS
- Философия-5 ECTS
- Қазақстанның физикалық географиясы (Курстық жұмыс)-6 ECTS
- Ландшафттану-5 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы-5 ECTS
- Қоршаған ортаның геофизикасы-5 ECTS
- Жалпы топонимика-5 ECTS
- Табиғи ресурстар географиясы-5 ECTS
- Өндірістің техникалық-экономикалық негізі-5 ECTS
- Геоморфологиялық зерттеу әдістері-5 ECTS
- Төрттік геология-5 ECTS
- Медициналық география-5 ECTS
- Қалалар географиясы-5 ECTS
- Қазақстан геоморфологиясы-5 ECTS
- Дүниежүзінің шаруашылық географиясы-5 ECTS
- Халықтар географиясы демография негіздерімен-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Экономикалық географиядағы геоақпараттық жүйелер-5 ECTS
- Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Қала құрылысы және аудандық жоспарлау негіздері-5 ECTS
- Гляциология-5 ECTS
- Неотектоника-5 ECTS
- Ауыл шаруашылығын дамыту географиясы: жаһандық үрдістер, аймақтық контрасттар-5 ECTS
- Жалпы палеогеография-5 ECTS
- Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы (Курстық жұмыс)-6 ECTS
- Физикалық географиядағы геоақпараттық жүйелер-5 ECTS
- Геоморфологиядағы географиялық ақпараттық жүйелер-5 ECTS
- Қоршаған ортаның геохимиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Географиялық зерттеулердегі математикалық әдістер-5 ECTS
- Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен аймақтық басқару-5 ECTS
- Биогеография-6 ECTS
- Географиялық зерттеулердегі визуализация әдістері-5 ECTS
- Scientific writing (ағылшн тілінде)-5 ECTS
- Геоморфологиядағы математикалық әдістер-5 ECTS
- Рекреациялық география-5 ECTS
- Табиғат пен қоғамның өзара әсерінің жаһандық және ғаламдық мәселелері-5 ECTS
- Саяси география және геосаясат-5 ECTS
- Көлік және инфрақұрылым географиясы-5 ECTS
- Эрозиялық және арналық үрдістер-5 ECTS
- Материктер мен мұхиттардың геоморфологиясы-5 ECTS
- Қазақстанның геоэкологиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Дипломалды-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
6В05205 – География мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің саласы келесі бағыттар болып табылады: - жобалық зерттеулеріне қатысу; - іргелі және қолданбалы ғылыми-географиялық жобалар орындау; - табиғатты қорғау және қоршаған ортаны басқару органдарының жұмысына қатысу; - қоршаған ортаның экологиялық-географиялық мониторингі; - білім беру, туристік және басқа қызметтерді көрсету. Үздік түлектердің магистратураға түсуге мүмкіндігі бар. Жұмыспен қамту – 88%
Байланыс
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 321, 217, 102. ауд. Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1488; 1970 E-mail: gulnara.nyusupova@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар