6B05203 Гидрология
Цель: Су объектілерінің мониторингін ұйымдастыру, гидротехникалық инженерлік құрылыстарды, ауыл шаруашылығы мелиоративтік жүйелерін, коммуналдық қызметтер мен қауіпті гидрологиялық құбылыстардың салдарын болдырмау және оларға қарсы күрес мәселелерімен айналысатын қызметтерді жобалау және пайдалану үшін су ресурстары мен гидрология саласындағы бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау.
Предметы на ЕНТ: Математика и География
Білім беру бағдарламасы
Су объектілерінің мониторингін ұйымдастыру, гидротехникалық инженерлік құрылыстарды, ауыл шаруашылығы мелиоративтік жүйелерін, коммуналдық қызметтер мен қауіпті гидрологиялық құбылыстардың салдарын болдырмау және оларға қарсы күрес мәселелерімен айналысатын қызметтерді жобалау және пайдалану үшін су ресурстары мен гидрология саласындағы бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау.
ON1 - Командада жұмыс істеу, жаратылыстану және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласында өз білімдерін қолдану, әлеуметтік-маңызды мәселелер мен процестерді талдау, алған білімдерін кәсіби қызметтің әртүрлі түрлерінде пайдалана білу, елдер мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау үшін жеткілікті теориялық дайындығы болуы
ON2 - Күтілетін апатты гидрологиялық құбылыс туралы, су ресурстарының жай-күйі, табиғи және жасанды су қоймалары суларының режимі мен сапасы туралы, олардың әлеуетін бағалай отырып сапалы болжам жасау
ON3 - Іргелі заңдарды, физика-математика ғылымдарының теорияларын, сондай-ақ физика-математика ғылымдарының әртүрлі салаларының типтік есептерін шешу үшін өзінің кәсіби қызметінде физика-математикалық зерттеу әдістерін қолдану
ON4 - Гидрологиялық желінің жұмыс жоспарларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету және мамандарға, сондай-ақ маман емес адамдарға ұсынылатын кәсіби ақпаратты рәсімдеу бойынша мәселелерді шешу
ON5 - Су объектілерінің режимін талдау, гидрологиялық сипаттамаларды есептеу, ГАЖ технологияларын қолдана отырып гидрологиялық процестерді модельдеу және болжау кезінде алған білімдерін біріктіру
ON6 - Жер туралы сабақтас ғылымдардағы Гидрологияның міндеттерін, Су шаруашылығы іс-шараларын шешуде шаруашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы гидрометеорологиялық ақпараттың маңыздылығын негіздеу
ON7 – Гидрология ғылымының дамуының қазіргі тұжырымдамасы негізінде гидросферада болатын процестердің заңдылықтарын түсіндіру
ON8 - Далалық және экспедициялық су-теңдестік зерттеулердің негізгі түрлерін, далалық материалдарды өңдеуді, су-теңдестік бақылауларды ұйымдастыруды жүргізу
ON9 - Нормативтік құжаттарға сәйкес су шаруашылығы объектілерін жобалау және пайдалану кезінде гидротехникалық құрылыстарды негіздеу үшін гидравликалық есептер жүргізу
ON10 - ГТИ жобалау және апатсыз пайдалану үшін турбулентті ағынның тасымалдау қабілетін, арналық турбуленттіліктің негізгі сипаттамаларын, шөгінділер мен түптік шөгінділердің механикалық және гидравликалық қасиеттерін анықтау
ON11 - Шаруашылық қызметті жоспарлау, су ресурстарын бағалау, су шаруашылығы қызметін негіздеу үшін бақылаудың сенімді материалдарының болуы жағдайында және олар болмаған кезде өзен ағындысын есептеу әдістерін пайдалану
ON12 - Болашақта алдын алу мақсатында су объектілеріндегі қауіпті гидрологиялық құбылыстардың сипаттамаларын бағалау
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Гидрометрия I-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Оқу-далалық-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Гидрометрия II-6 ECTS
- Геодезия және картография-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Жоғарғы математика-5 ECTS
- Физика-5 ECTS
- Жалпы гидрология-5 ECTS
- Жалпы метеорология-5 ECTS
- Материктер гидрографиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Гидрофизика-5 ECTS
- Өзендер гидрологиясы-6 ECTS
- Жалпы және өзен гидравликасы-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Гидрологиядағы ГАЖ-5 ECTS
- Гидрологиялық есептеулер-5 ECTS
- Гидрохимия-5 ECTS
- Өзен жүйесі және қоршаған ортаның ғаламдық өзгерісі-5 ECTS
- Су-теңдестік зерттеулер-5 ECTS
- Гидротехника және мелиорация-5 ECTS
- Су ресурстарын бірлесіп басқару және экологиялық гидрология-5 ECTS
- Өзен алаптарын басқарудың геоморфологиялық жолдары-5 ECTS
- Гидрологиялық ақпаратты статистикалық өңдеудің заманауи әдістері-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Гидроэкология-5 ECTS
- Қазақстанның негізгі трансшекаралық өзендерінің ластану мәселелері-5 ECTS
- Тау гидрологиясы-5 ECTS
- Максимал ағындыны есептеу-5 ECTS
- Гидрологиялық процесстерді ГАЖ-да моделдеу-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Өзен ағындысына тигізетін антропогенді әсерді бағалау-5 ECTS
- Климаттық өзгерістердің өзен алаптарын басқаруға әсері-5 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Су қашырту мен ақаба суларды тазарту-5 ECTS
- Ағынды және жер асты суларының тасымалдануын математикалық модельдеу-5 ECTS
- Арналық ағын динамикасы және арналық үдерістер-5 ECTS
- Селтану-5 ECTS
- Гидрологиялық болжамдар-6 ECTS
- Гидрологиялық болжам модельдері-5 ECTS
- Қауіпті гидрологиялық құбылыстар-5 ECTS
- Су шаруашылығы және су шаруашылық есептеулер-5 ECTS
- Гидрологиялық процестер-5 ECTS
- Гидрологиялық модельдер-5 ECTS
- Каспий теңізінің гидродинамикалық процесстер-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кафедра заманауи интеллектуалдық талаптарға және Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарға сай даму стратегиясына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті гидрологтардың кадрлық әлеуетін қалыптастырады. Нәтижесінде ҚазҰУ түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы 67 пайыздан асты. Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер мыналар болып табылады: 1) РММ «Қазгидромет», 2) География және су қауіпсіздігі институты; 3) ҚР АШМ Су ресурстары комитеті, 4) ҚР ТЖМ ММ «Қазселденқорғау», 5) Қазақстанның Жетекші ЖОО, 6) Казгипроводхоз институты, 7) Қазақстанның қолданбалы экология агенттігі, 8) «Казгидро» ЖШС. Түлектер БҰҰ Даму бағдарламасы, Дүниежүзілік банк, Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдарда да жұмыс істей алады. Гидролог мамандардың қызметі су объектілерінің мониторингін ұйымдастыру, гидротехникалық инженерлік құрылыстарды, ауыл шаруашылығы мелиоративтік жүйелерін, коммуналдық қызметтер мен қауіпті гидрологиялық құбылыстардың салдарын болдырмау және оларға қарсы күрес мәселелерімен айналысатын қызметтерді жобалау және пайдалану қызметтерімен байланысты ұйымдардың сұранысына ие.
Байланыс
Кафедра мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК-6 корпусы, 229, 231 каб. Кафедра телефоны: +7 (727) 377-33-30 (16-01, 12-25) Мусина Айнур Каировна e-mail: mussina.ainurk@gmail.com
БББ бойынша құжаттар