Білім беру бағдарламасы
қазіргі заманғы зерттеу әдістері мен ғылыми тұжырымдамалар негізінде геоэкологиялық зерттеулерді жүзеге асыруға және ЖОО-да экологиялық пәндерді оқытуға, қоғамның тұрақты дамуы мақсатына қол жеткізу үшін әртүрлі деңгейлерде басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
1. қоршаған ортаның жай-күйін бақылау мен бағалаудың заманауи құралдарын пайдалана отырып, экологиялық жобалау құжаттамасын әзірлеу;
2. ҚЖT анықтамалықтары мен заманауи "жасыл" технологияларды талдау негізінде қоршаған ортаны қорғау шараларын әзірлеу;
3. табиғи ресурстарды пайдалану және қалпына келуінің қарқынын талдау негізінде оларды пайдалануды жоспарлау және болжау;
4. табиғи және техногенді ландшафттардың, су, жер және минерал ресурстарының экологиялық жай-күйін, оларды басқару жүйесінің тиімділігін бағалау, оларды қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
5. табиғи объектілердің жай-күйін бағалау және болжау үшін ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, олардың жай-күйін модельдеу әдістері мен тәсілдерін қолдану;
6. заманауи әдістерді қолдана отырып, техногендік жүйелердің экологиялық тәуекелін бағалау рәсімін ұйымдастыру, бағалау нәтижелерін талдау және тәуекелді қабылдауға болатыны туралы қорытынды жасау;
7. ғылымның, қазақстандық қоғамның және экономиканың даму факторларын талдау үшін ғылыми-тарихи және философиялық білімді интерпретациялау және шығармашылықпен пайдалану; сабақтар мен тәрбие іс-шараларын ана тілінде және шетел тілінді өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологиялар мен тәсілдерді пайдалану; жеке өмірде және кәсіби қызметте тиімді шешімдер, коммуникациялар қабылдау үшін психологиялық білімді қолдану.
8. табиғи ортаны сақтау бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін табиғат қорғау іс-шараларын, оның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу, бұзылған жерлерді қалпына келтіру, ластанған суларды тазарту және атмосфералық ауаны сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүйелеу;
9. жоспарлау мен болжаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, табиғи және техногендік ландшафттарды оңтайлы пайдалану және басқару схемаларын жасау;
10. қабылданған шешімдерді негіздеу үшін табиғи және табиғи-техногендік объектілердің жай-күйін бағалау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде геоэкологиялық ақпаратты зерттеудің, түсіндірудің және өңдеудің заманауи әдістерін өз бетінше пайдалану;
11. қоғамның экологиялық тұрақты дамуының және «жасыл экономиканың» мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігін бағалау және талдау үшін елдің тұрақты даму көрсеткіштерін түсіндіру;
12. зерттеу саласы бойынша ғылыми әдебиеттерді жүйеге келтіру және зерттеу деректерін түсіндіріп, отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жариялау;
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер болып табылады:
- ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;
- Қалалардың экология департаменттері;
- Ө. Оспанов атындағы Агрохимия және топырақтану институты
- ҚР География институты;
- Ахмедсафин атындағы Геология және гидрогеология институты;
- Қазгидромет;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалау ұйымдары;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- ҚР Су ресурстары комитеті;
- Елді мекендердің жер қатынастары басқармасы.
Байланыс
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 6, 3, 2 каб.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1604; 1906; 3135 E-mail: tussupova@yandex.ru