7M07304 Жерге орналастыру
Цель: Әкімшілік-аумақтық құрылымдарды аумақтық жоспарлауға, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге және жерге орналастыруды жоспарлаудың құқықтық және техникалық аспектілерін реттеуге қабілетті жерге орналастыру саласында жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Предметы на ЕНТ: Геодезия и Жер ресурстарын басқару

Білім беру бағдарламасы
Әкімшілік-аумақтық құрылымдарды аумақтық жоспарлауға, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге және жерге орналастыруды жоспарлаудың құқықтық және техникалық аспектілерін реттеуге қабілетті жерге орналастыру саласында жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
ОН1. зерттеу тақырыбы бойынша бастапқы деректерді жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, жобалар мен жерге орналастыру схемаларын әзірлеу, жерге орналастыруды жоспарлау мәселелерін шешу әдістері мен құралдарын таңдау;
ОН2. жер заңнамасын және жерге орналастыру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарды ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларында жерді пайдалану мәселелерін шешу үшін жерге орналастырудың заманауи әдістерін және жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың экономикалық тетіктерін қолдану;
ОН3. жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын әзiрлеу үшiн қашықтықтан зерделеу әдiстерi мен геоақпараттық технологиялар негiзiнде жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу;
ОН4. облыстың және Қазақстан Республикасының өнеркәсіп салаларының экономикасының даму перспективаларын және табиғатты қорғау және жер заңнамасының талаптарын ескере отырып, әкiмшiлiк-аумақтық субъектiлердiң, жер пайдаланушылар мен жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң жерiн ұтымды пайдалану мен қорғаудың жобалары мен схемаларын әзiрлеу;
ОН5. ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту саласындағы іргелі және қолданбалы білімдерді біріктіру және тұрақты даму мақсаттарын іске асыру және оларға қол жеткізу үшін агроқұрылымдар аумағын ұйымдастыру арқылы жерге орналастыру шешімдерін қалыптастыру;
ОН6. экологиялық көрсеткіштерді ескере отырып, жерді пайдаланудың ландшафттық – экологиялық жобалауын және кешенді геоэкологиялық жерге орналастыру зерттеулерін жүргізу дағдылау;
ОН7. ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту мақсатында жер пайдалануды аумақтық жоспарлау бойынша ғылыми-ізденістік жұмыстарда экономикалық-математикалық модельдеу және болжау әдістерін қолдану;
ОН8. мемлекеттiк және шетел тiлдерiнде ғылыми коммуникацияның қазiргi заманғы әдiстерi мен технологияларын пайдалана отырып, ғылыми мәселелердi шешу үшiн жерге орналастыру саласында зерттеулер жүргiзу, кәсiби қызметте этикалық және психологиялық нормаларды сақтау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Жерді пайдалануды ландшафттық-экологиялық жобалау-5 ECTS
- Ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы-5 ECTS
- Қала құрылысындағы тұрақты даму тәжірибесі-5 ECTS
- Жерді пайдалануды реттеудің теориялық-методологиялық негіздері-5 ECTS
- Жерге орналастырудағы жобалауды геоэкологиялық қамтамасыз ету-5 ECTS
- Жерге орналастыру сараптамасы-5 ECTS
- Жерге орналастыру және кадастрлардағы инновациялық қызмет-5 ECTS
- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бағалау-5 ECTS
- Жерді ұтымды пайдалану мен қорғаудың экономикалық тетігі-5 ECTS
- Жерге орналастыру және кадастрдың өзекті мәселелері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Жер ресурстарын басқарудағы жер-ақпараттық жүйелер-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Жерді ұтымды пайдалануды және оларды қорғауды жоспарлау мен ұйымдастыру-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Аумақты ұтымды оңтайландырудағы экономикалық және математикалық үлгілеу-5 ECTS
- Агроқұрылымдардың территориясын қазіргі заманғы ұйымдастыру-5 ECTS
- Жерге орналастыру саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру-5 ECTS
- ГАЖ негізінде жерге орналастырудағы ақпаратты өңдеу және талдау-5 ECTS
- Геоақпараттық технологиялар және жерге орналастырудағы ғарыштық мониторинг-5 ECTS
- Жылжымайтын мүлік объектілерін басқару және аумақтарды кешенді дамыту-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Жер мен жылжымайтын мүлікті бағалауды қолданудың экономикалық механизмі-5 ECTS
- Тұрақты кеңістіктік даму жобаларын басқару-5 ECTS
- Қолданбалы міндеттерді шешуге арналған жер ақпараттық жүйелері-5 ECTS
- Жердің ғарыштық мониторингі-5 ECTS
- Қолданбалы міндеттерді шешудің фотограмметриялық әдістері-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері: *ғылыми-зерттеу; *педагогикалық; *өндірістік-технологиялық; *ұйымдастырушылық-басқарушылық; *жобалау-іздестіру; *жерге орналастыру зерттеулерімен байланысты аналитикалық қызмет. Магистранттардың кәсіби қызмет саласы: * жер-мүліктік қатынастар; * Жер ресурстарын басқару жүйесі; * жер пайдалануды болжау, жоспарлау және жобалау; * жерді ұтымды пайдалану және қорғау; * топографиялық-геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету Магистратура бағдарламасын ұйым оқу қызметінің түрлеріне және кәсіптік қызметтің ғылыми-зерттеу және педагогикалық түрлеріне бағдарланған білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптарға байланысты қалыптастырады
Байланыс
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы 71, №6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 321, 217, 102 ауд. Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 12-27, 14-88
БББ бойынша құжаттар
23123123