Білім беру бағдарламасы
Туризм және қызмет көрсету саласындағы ғылыми және қолданбалы мәселелерді шеше алатын жоғарғы катего-риялы ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын даярлау:
– сыртқы орта субъектілерімен әрекеттесу және функ-цияаралық өзара әрекеттесуді жүзеге асыру, ресурстар-дың қажеттілігін жоспарлау, адам ресурстарын басқару, туристік кәсіпорында бірігей корпоративттік мәдениетті ұстану, нарық сараптамасын жүргізу, туристік өнім мен қызметтердің сатылуын басқару;
– жоғары оқу орындарында туристік пәндерді соңғы ғылыми концепциялардың мазмұнын, даму перспекти-васы және туризм нарығының қалыптасуына әсерін бағалау арқылы оқытуды қамтамасыз ету;
– заманауи ғылыми технологияларды қолдану арқылы жұмысты жүзеге асыру;
– жеке ғылыми зерттеудің контекстінде аралас ғылыми салаларды біріктіру; нәтижелерді өңдеу, магистрлік дис-сертациялар мен ғылыми мақалаларды ғылыми зертте-улерді рәсімдеу.
ON1: Жаңа және бейтаныс контексттердегі, көп мәдениетті және шет тілдік ортадағы ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін, туризм саласындағы қазіргі заманғы білім, ғылыми түсініктер мен теорияларды түсіндіреді.
ON 2: Ғылыми зерттеулерді өздігінше құру және орындау үшін туризм саласындағы ғылыми аппарат пен табысты практикалық тәжірибені сыни бағалайды.
ON 3: Туризм саласындағы нысанның сипатына және ғылыми бағыт әдіснамасына сәйкес дербес зерттеу әдістерінің жүйесін таңдауды дұрыс жүзеге асырады.
ON4: Кәсіби туристік білім берудің жоғары мектебінің, жоғары білімі бар кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру мамандандырылған мекемелерінің оқу процесіне ғылыми және кәсіби білімді енгізеді.
ON5: Жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып, заманауи ғылыми концепциялар негізінде, актуалды ғылыми мазмұны бар оқу курсының бағдарламасын әзірлейді және кәсіби туристік пәндерді оқытады.
ON6: Құжаттарды әзірлеу, сату және туристік кәсіпорынның бизнес-процестерін басқару кезінде, тиімді коммуникацияларды, фунцияаралық әрекеттесу және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.
ON7: Ресурстарға қажеттіліктерді жоспарлауды жүзеге асырады, туристік кәсіпорынның әр түрлі қызметіне жан-жақты экономикалық талдау жасайды және шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша шаралар әзірлейді.
ON8: Адам ресурстарын басқарады, кәсіби және корпоративтік мәдениетті қолдайды, туризм индустриясының кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары үшін міндетті талаптар мен ережелерді сақтау.
ON9: Туризмнің теориясы мен практикасының соңғы жетістіктерін, бәсекеге қабілетті, көп мәдениетті, шет тілдік ортада болжау, жоспарлау және басқару үшін қолданады.
ON10: Кәсіби зерттеулер, білім беру, практикалық мәселелерді шешу үшін, шығармашылық, комбинаторлық ақпараттық ресурстар мен технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ГАЖ-ды, GDS-ты тиімді қолданады.
ON11: Өзінің кәсіби идеялары мен нәтижелерін көпмәдениетті және шет тілді ортада, презентация, баяндама, мақала, ғылыми есеп, оқу материалдары түрінде дәлелді түрде ұсынады.
ON12: Өзінің жеке білім беру деңгейін бағалайды, жеке кәсіби, практикалық, ғылыми, педагогикалық қызметі мен біліктілікті арттырудың траекториясын қалыптастырады
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«Туризм» бағыты бойынша мамандарды дайындайтын жоғары немесе орта кәсіптік білім беретін оқу орнының көмекшісі / оқытушысы; «туризм» бағыты бойынша орта арнаулы оқу орнының оқу процесінің әдіскері; кадрларды даярлауға кәсіпорын әдіскері және туризм секторы үшін орта буын кадрларын қайта даярлау; ғылыми ұйымдағы қонақжайлылық пен туризмді дамыту бойынша кіші ғылыми қызметкер; туризмнің қауіпсіздігі мен іздестіру -құтқару жұмыстары бойынша жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету; «бос уақыт / демалыс / туризм» саласындағы консалтингтік -аналитикалық компаниялардың бас маманы / басшысы. »; қонақжайлылық пен туризм саласын талдаумен айналысатын сарапшылардың, салалық және мемлекеттік ұйымдардың бас маманы / әдіскері; қонақжайлылық және туризм саласындағы туристік жобаны және зерттеулерді әзірлеу мен ұйымдастыруды; осы саладағы зерттеу жұмыстарын ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі туристік инновациялар, жобалау мен жоспарлау; қонақжайлылық және туризм саласындағы сапа стандарттарын, қауіпсіздік пен туристік формальдылықты әзірлеу; туристік -рекреациялық аймақтар мен кешендерді жоспарлау; қонақжайлылық және туризм саласындағы мемлекеттік реттеуші орган бөлімінің бас маманы / бөлім бастығы; туристік өнімдер мен қызметтерді әзірлеу мен сатуды ұйымдастыру мен басқару; туристік -рекреациялық аймақтар мен кешендердің жұмысын ұйымдастыру және басқару; қонақжайлылық және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты ұйымдастыру; қонақжайлылық және туризм саласындағы жұмыс аудиті; туристік және экскурсиялық қызметтерді ұйымдастырушы және әдіскері; туристік кәсіпорынның бас менеджері / жетекшісі; анимациялық бағдарламалардың әдіскері және анимациялық қызметтің менеджері; туристік өнімдер мен қызметтерді әзірлеу мен сату бойынша әдіскер; туристік кәсіпорынның маркетингтік және жарнамалық қызметінің бас маманы; туристік саяхатты ұйымдастыру және көлік -логистикалық қызметтерді басқару; туристік жобаларды, өнімдер мен қызметтерді сараптау бойынша бас маман / әдіскер. Үздік түлектердің докторантураға түсуге мүмкіндігі бар. Жұмыспен қамту – 100%. ББ артықшылығы: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының екі дипломы.
Байланыс
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 211, 228, 230 ауд.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1404; 1228; 1484
E-mail: rgit.kaznu@gmail.com