Сипаттама
Бұл білім беру бағдарламасы келесі Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге қатысты тақырыптарды қамтиды:
8-мақсат. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу. Туризм экономикасы мен нарығы, кәсіпкерлік, адами ресурстарды басқару және туристік ұйымдарды стратегиялық басқару.
9-мақсат. Индустрия, инновация және инфрақұрылым. Туризмдегі инновациялық басқару, жобаларды басқару, логистика, цифрлық және ГАЖ технологиялары.
11-мақсат. Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар. Ұлттық және аймақтық туризмді жоспарлау, аумақтық туризм және демалыс жүйелерін дамыту, кешенді бағалау, аймақтарға бөлу және аумақтық жобалау.
12-мақсат. Жауапты тұтыну және өндіріс. Тұрақты ресурстарды басқару, туристік өнімді жобалау және туризм индустриясындағы тиімді процестерді ұйымдастыру.
Білім беру
бағдарламасы
Туризм және қызмет көрсету саласындағы ғылыми және қолданбалы мәселелерді шеше алатын жоғарғы катего-риялы ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын даярлау:
– сыртқы орта субъектілерімен әрекеттесу және функ-цияаралық өзара әрекеттесуді жүзеге асыру, ресурстар-дың қажеттілігін жоспарлау, адам ресурстарын басқару, туристік кәсіпорында бірігей корпоративттік мәдениетті ұстану, нарық сараптамасын жүргізу, туристік өнім мен қызметтердің сатылуын басқару;
– жоғары оқу орындарында туристік пәндерді соңғы ғылыми концепциялардың мазмұнын, даму перспекти-васы және туризм нарығының қалыптасуына әсерін бағалау арқылы оқытуды қамтамасыз ету;
– заманауи ғылыми технологияларды қолдану арқылы жұмысты жүзеге асыру;
– жеке ғылыми зерттеудің контекстінде аралас ғылыми салаларды біріктіру; нәтижелерді өңдеу, магистрлік дис-сертациялар мен ғылыми мақалаларды ғылыми зертте-улерді рәсімдеу.
ON1: Жаңа және бейтаныс контексттердегі, көп мәдениетті және шет тілдік ортадағы ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін, туризм саласындағы қазіргі заманғы білім, ғылыми түсініктер мен теорияларды түсіндіреді.
ON 2: Ғылыми зерттеулерді өздігінше құру және орындау үшін туризм саласындағы ғылыми аппарат пен табысты практикалық тәжірибені сыни бағалайды.
ON 3: Туризм саласындағы нысанның сипатына және ғылыми бағыт әдіснамасына сәйкес дербес зерттеу әдістерінің жүйесін таңдауды дұрыс жүзеге асырады.
ON4: Кәсіби туристік білім берудің жоғары мектебінің, жоғары білімі бар кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру мамандандырылған мекемелерінің оқу процесіне ғылыми және кәсіби білімді енгізеді.
ON5: Жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып, заманауи ғылыми концепциялар негізінде, актуалды ғылыми мазмұны бар оқу курсының бағдарламасын әзірлейді және кәсіби туристік пәндерді оқытады.
ON6: Құжаттарды әзірлеу, сату және туристік кәсіпорынның бизнес-процестерін басқару кезінде, тиімді коммуникацияларды, фунцияаралық әрекеттесу және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады.
ON7: Ресурстарға қажеттіліктерді жоспарлауды жүзеге асырады, туристік кәсіпорынның әр түрлі қызметіне жан-жақты экономикалық талдау жасайды және шаруашылық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша шаралар әзірлейді.
ON8: Адам ресурстарын басқарады, кәсіби және корпоративтік мәдениетті қолдайды, туризм индустриясының кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары үшін міндетті талаптар мен ережелерді сақтау.
ON9: Туризмнің теориясы мен практикасының соңғы жетістіктерін, бәсекеге қабілетті, көп мәдениетті, шет тілдік ортада болжау, жоспарлау және басқару үшін қолданады.
ON10: Кәсіби зерттеулер, білім беру, практикалық мәселелерді шешу үшін, шығармашылық, комбинаторлық ақпараттық ресурстар мен технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, ГАЖ-ды, GDS-ты тиімді қолданады.
ON11: Өзінің кәсіби идеялары мен нәтижелерін көпмәдениетті және шет тілді ортада, презентация, баяндама, мақала, ғылыми есеп, оқу материалдары түрінде дәлелді түрде ұсынады.
ON12: Өзінің жеке білім беру деңгейін бағалайды, жеке кәсіби, практикалық, ғылыми, педагогикалық қызметі мен біліктілікті арттырудың траекториясын қалыптастырады
Магистратураның білім беру
бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Оқу жоспары қосылмаған
Жұмысқа орналасу
«Туризм» бағыты бойынша мамандарды дайындайтын жоғары немесе орта кәсіптік білім беретін оқу орнының көмекшісі / оқытушысы; «туризм» бағыты бойынша орта арнаулы оқу орнының оқу процесінің әдіскері; кадрларды даярлауға кәсіпорын әдіскері және туризм секторы үшін орта буын кадрларын қайта даярлау; ғылыми ұйымдағы қонақжайлылық пен туризмді дамыту бойынша кіші ғылыми қызметкер; туризмнің қауіпсіздігі мен іздестіру -құтқару жұмыстары бойынша жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету; «бос уақыт / демалыс / туризм» саласындағы консалтингтік -аналитикалық компаниялардың бас маманы / басшысы. »; қонақжайлылық пен туризм саласын талдаумен айналысатын сарапшылардың, салалық және мемлекеттік ұйымдардың бас маманы / әдіскері; қонақжайлылық және туризм саласындағы туристік жобаны және зерттеулерді әзірлеу мен ұйымдастыруды; осы саладағы зерттеу жұмыстарын ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі туристік инновациялар, жобалау мен жоспарлау; қонақжайлылық және туризм саласындағы сапа стандарттарын, қауіпсіздік пен туристік формальдылықты әзірлеу; туристік -рекреациялық аймақтар мен кешендерді жоспарлау; қонақжайлылық және туризм саласындағы мемлекеттік реттеуші орган бөлімінің бас маманы / бөлім бастығы; туристік өнімдер мен қызметтерді әзірлеу мен сатуды ұйымдастыру мен басқару; туристік -рекреациялық аймақтар мен кешендердің жұмысын ұйымдастыру және басқару; қонақжайлылық және туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты ұйымдастыру; қонақжайлылық және туризм саласындағы жұмыс аудиті; туристік және экскурсиялық қызметтерді ұйымдастырушы және әдіскері; туристік кәсіпорынның бас менеджері / жетекшісі; анимациялық бағдарламалардың әдіскері және анимациялық қызметтің менеджері; туристік өнімдер мен қызметтерді әзірлеу мен сату бойынша әдіскер; туристік кәсіпорынның маркетингтік және жарнамалық қызметінің бас маманы; туристік саяхатты ұйымдастыру және көлік -логистикалық қызметтерді басқару; туристік жобаларды, өнімдер мен қызметтерді сараптау бойынша бас маман / әдіскер. Үздік түлектердің докторантураға түсуге мүмкіндігі бар. Жұмыспен қамту – 100%. ББ артықшылығы: Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының екі дипломы.
Байланыс
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 211, 228, 230 ауд.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1404; 1228; 1484
E-mail: rgit.kaznu@gmail.com