Білім беру бағдарламасы
Білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелері үшін:
- теориялық және практикалық білімге негізделе отырып, математикалық модельдер құрастырып және бағдарламалау мен ақпараттық технологиялардың заманауи әдістерін қолданумен математикалық есептерді шешуге;
- мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін құрастыруға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі тәрбиелеуге;
- айналадағы шындықты идеологиялық, адамгершілік және азаматтық ұстаным негізінде бағалауға;
қабілетті мамандарды дайындау.
ON1. Математикалық сауаттылықты, логикалық ойлауды және математиканың негізгі ұғымдары мен заңдарын білуді, пән бойынша математикалық тілдерді меңгеруді көрсету;;
ON2. Математикалық әдістерге негізделген жаңа және белгісіз контекстердегі ғылыми мәселелерді шешу әдістерін табу;
ON3. Математикалық бағдарламалау әдістерін қолдану және өндірісті жоспарлау және есептеу процестерін оңтайландыру үшін жаңа бағдарламаларды әзірлеу;
ON4. Математикалық модельдерді талдау және мәселелерді шешу әдісін (аналитикалық, сандық, зертханалық эксперимент) таңдаудың дұрыстығын негіздеу;
ON5. Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу және конференцияларға қатысу түрінде ғылымның сәйкес салаларындағы ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижелерін жалпылау;
ON6. Математиканы оқыту әдістемесі саласындағы негізгі жетістіктерге сүйене отырып, математиканы оқытудың технологияларын, әдістері мен тәсілдерін жіктеу.
ON7. Қазіргі математикалық әдістерді таңдау және оларды жаратылыстану есептерін шешуде қолдану;
ON8. Дифференциалдық және интегралдық есептеу теориясының негізінде байқалатын процестің мінез-құлқын негіздеу;
ON9. Математикалық әдістердің принциптері мен құралдарының негізінде зерттелетін объектінің математикалық модельдерін жасау;
ON10. Жаратылыстану ғылымының теориялық және қолданбалы міндеттерін шешу;
ON11. Зерттелетін ғылым саласындағы кәсіби қызметті оңтайландыру үшін бағдарламалар пакеттеріне қосымша жасау, зертханалық және сандық эксперименттер жүргізу, Үлгілеу нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығын бағалау;
ON12. Командада жұмыс істеу, математикалық және статистикалық мәселелерді шешудің дұрыстығын дәлелді қорғау; өз қызметін, команданың қызметін сыни бағалау және өздігінен білім алу мен өзін-өзі дамытуға қабілетті болу.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет салалары: ғылыми-зерттеу саласы; білім беру саласы; эксперименттік зерттеу саласы; өндірістік емес экономика; ақпараттық-есептеу қызметтері; әкімшілік және басқарушылық; тәрбиелік.
Кәсіби қызмет саласының объектілері: академиялық ғылыми ұйымдар; гимназиялар, лицейлер, орта кәсіптік оқу орындары; ғылыми-зерттеу ұйымдары; ғылыми-өндірістік бірлестіктер; ғылыми және білім беру орталықтары; қаржы ұйымдары.
Кәсіби қызмет түрлері:
- оқу (педагогикалық): математика мұғалімі (қосымша педагогикалық курстарды бітіргені туралы сертификат бар болған жағдайда);
- ғылыми-зерттеу: жаратылыстану бейіндегі ғылыми ұйымдарда кіші ғылыми қызметкер ретінде; математик; инженер-зертханашы; инженер-конструктор; инженер-бағдарламашы; лаборант; инженер; техник
- ақпараттық-талдау қызметі: математик-аналитик
- ұйымдастырушылық-басқару: білім беру саласындағы орта буын менеджері; ғылым және білім саласындағы стартап-менеджер;
- қаржылық қызмет көрсету және сақтандыру саласындағы қызмет: қаржылық талдаушы; сақтандыру талдаушысы.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 4 қабат, 418 кабинет.
Кафедра телефоны: 8 (727) 221-15-69