Білім беру бағдарламасы
Математика және математикалық білім саласында кәсіби мәселелерді шешуде құзыретті мамандар даярлайтын, бәсекеге қабілетті докторанттарды даярлау.
ON 1.Университетте инновациялық білім беру технологияларын, арнайы пәндерді оқыту әдістемесін қолдану; бағалау құралдарын, әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу;
ON 2. Ғылымның нақты саласында жасалған ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделген жаңа нәтижелерді алу және осы нәтижелерді практикалық мәселелерді шешуде ғылыми жобалар мен тендерлерге қатысу түрінде, конференцияларда талдау, импакт-факторлы журналдарда мақалаларды жариялау арқылы іске асыру;
ON 3. Сызықтық емес дифференциалдық теңдеулер және математикалық физикадағы экстремалды есептер мен шекаралық есептерді шешудің жаңа математикалық әдістерін әзірлеу;
ON 4. Қазақстан Республикасының көпұлтты және түрлі мәдениет қалыптасқан қоғамында және халықаралық аренада лингвистикалық және мәдени лингвистикалық білімдерін тиімді пайдаланады;
ON 5. Математикалық және компьютерлік моделдеу бойынша білімдері мен дағдыларын, заманауи программалау тілдерін қолдану, сондай-ақ заманауи программалау пакеттерін сақтандыру және қаржылық тәуекелдер саласында қолдану;
ON 6. Қаржылық және сақтандыру секторларында болжау саласындағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың математикалық әдістерінің қағидаттары мен құралдарына негізделген зерттелетін объектінің әртүрлі математикалық және экономикалық модельдерін құру;
ON 7. Арнайы классикалық нысандардың нөмірлену мәселесіне зерттеулер жүргізу, сонымен қатар нөмірлеу теориясының мәселелеріне аналогтар табу;
ON 8. Математикалық және статистикалық әдістерді қолдана отырып, зерттеу үдерісінің кезеңдерін аәқындау;
ON 9. Сақтандыру тәуекелдерін бағалау теориясын дамыту және математикалық модельдер және статистикалық әдістер жүйесі болып табылатын осы теорияның құралдарын жетілдіру;
ON 10. Зерттеу жұмысының нәтижелеріне негізделген жаңа және күрделі идеяларды, гипотезаларды, әдістерді синтездеу;
ON 11. Математикалық физика мен сүзгілеу үдерісінің математикалық және секвенциалды моделдерін жасау;
ON 12. Өзі құзыретті тақырып аясында дәрежесі тең және кең ғылыми қоғамдастық деңгейінде түрлі диалог жүргізу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет салалары: ғылыми-зерттеу салалары; эксперименттік зерттеу саласы; білімберу саласы; өндірістік емес экономика; ақпараттық-есептеу қызметтері; әкімшілік және басқарушылық.
Кәсіптік қызмет саласының объектілері: академиялық ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, университеттер, институттар, жалпы білім беретін ұйымдар, гимназиялар, лицейлер, орта кәсіптік оқу орындары; ғылыми-зерттеу ұйымдары; ғылыми-өндірістік бірлестіктер, ғылыми орталықтар, қаржы институттары, сақтандыру және аналитикалық және т.б. компаниялар.
Кәсіби қызмет түрлері:
- оқу (педагогикалық): математика мұғалімі; орта және жоғары білім беру ұйымдарында физика-математика пәндерінің оқытушысы;
- ғылыми зерттеуде: ғылыми ізденуші, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер; математик; инженер-зертханашы; инженер-конструктор; инженер-бағдарламашы; лаборант; инженер; техник
- ақпараттық-талдау қызметі: математик-аналитик
- ұйымдастырушылық-басқару: білім беру саласындағы орта буын менеджері; ғылым және білім саласындағы стартап-менеджер;
- қаржылық қызмет көрсету және сақтандыру саласындағы қызмет: қаржылық талдаушы; сақтандыру талдаушысы.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 4 қабат, 418 кабинет.
Кафедра телефоны: 8 (727) 221-15-69