Білім беру бағдарламасы
Математика, жаратылыстану ғылымдары, техника, ақпараттық технологиялар саласындағы іргелі білімі бар және оларды білім беру және зерттеу мекемелері мен түрлі автоматтандырылған және роботтандырылған өндірістер үшін мехатрондық және робототехникалық жүйелердің механикалық, электрлік және электрондық тораптарын талдау, жобалау және басқару үшін қолдана алатын робототехникалық жүйелер саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау.
ON 1 Жаңа модельдерді зерттеу және әзірлеу және жұмыс істеп тұрған роботтар мен робототехникалық жүйелерді жетілдіру мақсатында роботтарды, мехатрондық және робототехникалық жүйелерді әзірлеу және зерттеу саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені кешенді талдауды жүзеге асыру;
ON 2 Роботтардың, мехатрондық және робототехникалық жүйелердің техникалық сипаттамаларын сипаттау үшін қажетті физика-математикалық аспаптық-ғылыми аппараттарды меңгеру;
ON 3 Мехатрондық және робототехникалық жүйелердің механикалық, электрлік және электрондық тораптарының құрылмалық және жобалық құжаттамасын әзірлеу үшін робототехникалық жүйелердің құрылымы мен жобалаудың негізгі кезеңдерін негіздеу;
ON 4 Технологиялық үдерісті сақтай отырып, роботтар мен робототехникалық жүйелердің жобаланатын модульдерін жасау және жинау;
ON 5 Аналогтық және цифрлық электрондық құрылғылардың электр тізбектерінің қажетті есебін және роботтар мен робототехникалық жүйелердің құрылғыларын жобалауды техникалық тапсырмаға сәйкес орындау;
ON 6 Жаңа робототехникалық жүйелерді құрастыру немесе бар робототехникалық жүйелерді жаңғырту үшін роботтардың және робототехникалық жүйелердің механикалық тораптарының кинематикалық және беріктік есептерін жүргізу;
ON 7 Манипуляторлар мен роботтардың модульдерін модельдеу және жобалау кезінде заманауи компьютерлік жобалау жүйелерін қолдану;
ON 8 Роботтарды басқару және ақпаратты өңдеу үшін робототехникалық жүйеде заманауи бағдарламалар пакетін қолдану үрдісін сыни бағалау;
ON 9 Роботтардың макеттерін және робототехникалық жүйелерді жасау әдістерін меңгеру;
ON 10 Бағдарламалар мен әдістемелер бойынша роботтың тәжірибелік үлгісінің немесе робототехникалық жүйенің құрамдас бөліктеріне алдын ала сынақ жүргізуге қатысу;
ON 11 Зертханалық және сандық эксперименттер жүргізу, роботтар мен робототехникалық жүйелерді жобалау және модельдеу нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығын бағалау;
ON 12 Роботтар мен робототехникалық жүйелер өндірісіне зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін енгізуге қатысу, командада жұмыс істеу, коммуникативті болу және жүйелі ойлау қабілеті болу.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«6В07110- Робототехникалық жүйелер» мамандығы келесі кәсіби қызметтерді орындай алады:
- орта және жоғары оқу орындарында, оқу орталықтарында робототехникаларды оқыту;
- робототехника саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- ғылыми-өндірістік және өндірістік кәсіпорындардағы инженерлік қызмет;
- Роботтарды және робототехникалық жүйелерді жобалау, реттеу, пайдалану және қызмет көрсету.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет
Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-80).
+7 777 824 23 68, Алуа
БББ бойынша құжаттар
23123123