7M03207 IT Архивтану және құжаттану
Цель: Мақсаты- құжаттану және архивтану саласында IT-ны қолдану дағдыларын меңгерген, цифрландыру жағдайында электрондық құжат айналымы жүйесі мен архивтерді басқару саласындағы қызметті жүзеге асыруға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Предметы на ЕНТ: Құжаттану и Археография

Білім беру бағдарламасы
Мақсаты- құжаттану және архивтану саласында IT-ны қолдану дағдыларын меңгерген, цифрландыру жағдайында электрондық құжат айналымы жүйесі мен архивтерді басқару саласындағы қызметті жүзеге асыруға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
ON 1 Кәсіпорында электронды архив құру бойынша жұмыс жобалары мен бизнес-сұлбаларды моделдеу және БҚҚ және архив ісі үшін бағдарламалық өнімдер мен технологиялық шешімдерді ұсыну
ON2 Архив құжаттарының мәтіндерін сканерлеу, тану үшін техникалық құралдарды таңдау әдістемесін пайдалана отырып, архив материалдарын цифрлаудың заманауи құралдарымен жұмыс істеу және оларды жариялауға дайындау.
ON3 Қолданыстағы нормативтік, құқықтық, әдістемелік база негізінде мекеменің (ұйымның) электронды архивін құру, құжаттарды электрондық форматқа айырбастаудың негізгі процедуралары мен технологиясын білу, құжаттардың электронды мәліметтер базасына сақталуын қамтамасыз ету және архив ісінде бұлтты серверлерді пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдерді ұсыну
ON4 Халықаралық және ұлттық стандарттар, нормалар, ақпараттық қауіпсіздік ережелері негізінде құжаттарды басқару жүйелерін құру
ON5 Мекемелер мен мемлекеттік архивтердің ақпараттық жүйелерінде ақпаратты қорғау әдістері мен технологияларын ұсыну
ON6 Ұйымдарда электронды архивтерді құрудың жобалар бойынша сараптамалық қорытынды жасау, теориялық және практикалық білім негізінде БҚҚ жетілдіру жолдарын ұсыну.
ON7 IT құжаттану, архивтану және археография салаларында қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде қазіргі заманғы әдіснаманы және практикалық тәжірибені пайдалана отырып,
ұсыныстар жасау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу.
ON8 Электрондық құжат айналымы жүйесін (ЭҚЖ, ЭҚЖ құрамындағы е-архив, workflow-жүйелер, ЕСМ-жүйелер) енгізе отырып және ақпараттық өнімдер мен IT-қызметтердің қазіргі заманғы шетелдік нарығындағы жағдайды зерделеп, ЭҚЖ жүйесінің мүмкіндіктерін бағалай отырып, ұйымдарда құжаттарды басқару міндеттерін шешу.
ON9 Мемлекеттік сақтауға электрондық құжаттарды іріктеу және құндылығын сараптау өлшемдері негізінде ведомстволық және мемлекеттік архивтерді электронды құжаттармен толықтыру бойынша жұмыс жүргізу, ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін әзірлеп, тарихи құжаттың құнын анықтау( кіріс, шығын, салыстырмалы әдістер), архивтік ақпаратқа қол жеткізу, архив құжаттарын ғылыми айналымға енгізу.
ON10 IT-технологияларды мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерге ҚР Ұлттық архив қорының нормативтік базасына және құжат айналымына негізделген әдістері мен әдістемесі арқылы енгізу.
ON11 Теориялық білімдерді және практикалық дағдыларды пайдалана отырып, электрондық ортада құжаттардың жұмыс істеуі бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді (жадынамалар, нұсқаулықтар, ережелер, құралдар, анықтамалық-ақпараттық шолулар) әзірлеу.
ON12 Білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға ықпал ету, магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас жасай отырып әзірленген әдістемелік ұсынымдар негізінде құжаттану және архивтану бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізу, кәсіби қызметте ғылымның тарихы мен философиясы, басқару психологиясы және жоғары мектеп педагогикасы бойынша білімдерін пайдалану.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ақпараттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету-5 ECTS
- Архив құжаттарына қол жеткізудің сандық технологиялары-5 ECTS
- Басқарудағы ақпараттық жүйелер-5 ECTS
- Архив мекемелерін басқару процестерін жобалау-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Құжаттанудың теориялық мәселелері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ұйымдарда құжаттарды басқару теориясы мен технологиялары-5 ECTS
- Электронды құжаттар архивтері: теория, әдістеме және тәжірибе-5 ECTS
- Археографияның теориялық-методологиялық мәселелері-5 ECTS
- Электронды форматтағы құжаттық жарияланым-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Архивтанудың теориялық мәселелері-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Тарихи құжаттың құнын бағалау-5 ECTS
- Құжат айналмын басқару жүйелерін ұйымдық жобалау.-5 ECTS
- Архивтерді жоғары билік органдарының құжаттарымен жинақтау-5 ECTS
- Архивтердің электрондық ғылыми-анықтамалық аппараты-5 ECTS
- Құжаттамалық база мәліметтерінің жобалау методологиясы мен технологиялары-5 ECTS
- Құжаттарды сақтау және пайдаланудын «бұлтты қызметтері»-5 ECTS
- Құжаттарды басқарудағы жасанды интеллект жүйелері-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
«7М03207 – Архивтану және құжаттану» білім беру бағдарламасы бойынша магистр еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: - ақпараттық - басқару-ақпараттық агенттіктердегі, талдау және құжаттама орталықтарында: цифрлық криминалист, ақпараттық ресурстарды құру және басқару жөніндегі маман (контент-менеджер), ақпараттық ресурстар менеджері, IT-құжаттанушы, IT-архивші. - ұйымдастыру - басқару-мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық кәсіпорындардың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінде: кадр басшысы, персоналды басқару бөлімінің директоры, HR менеджер; мамандандырылған архив мекемелерінде: (Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің мамандандырылған архиві, Полиция департаментінің мамандандырылған мемлекеттік архиві): 1-санатты архивші, IT-архивші, IT-құжаттанушы. - сараптамалық-кеңесші қызмет-архив және мәдени мекемелерде: бас сарапшы, жетекші сарапшы; - ұйымдастыру – жобалау және т.б. – арнайы мамандандырылған архив мекемелерінде (ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві): инженер, архив қоймасының меңгерушісі. - педагогикалық-білім беру саласында: колледж және ЖОО оқытушысы; - ғылыми – зерттеу-архивтану және құжаттану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми зерттеу институттарында жұмыс істеу: кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.
Байланыс
Жұмыс телефоны: +7(727)3773330 ішкі.12-91 Координатор: Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызы ұялы телефон: +77019091100 Электронды пошта: zhugenbaeva@list.ru
БББ бойынша құжаттар
23123123