7M05306 Техникалық физика
Цель: Жаңа физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды анықтау, зерттеу және модельдеумен байланысты терең білімі бар, инженерлік физика саласындағы жаңа технологияларды, қондырғылар мен түрлі бағыттағы материалдарды жасауға, қалыптастыруға және бейімдеуге қажетті қабілетке ие жоғары білікті мамандарды даярлау.
Предметы на ЕНТ: Механика и Молекулалық физика
Білім беру бағдарламасы
Жаңа физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды анықтау, зерттеу және модельдеумен байланысты терең білімі бар, инженерлік физика саласындағы жаңа технологияларды, қондырғылар мен түрлі бағыттағы материалдарды жасауға, қалыптастыруға және бейімдеуге қажетті қабілетке ие жоғары білікті мамандарды даярлау.ON1 зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың тәжірибесін және жаңа ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және жеткізу үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық ақпаратқа талдау жүргізу;
ON2 жоғары мектеп педагогикасының заманауи талаптарын, инновациялық білім беру процесін жүргізудің психологиялық және педагогикалық негіздерін ескере отырып, физика пәндерін оқыту үшін өзекті оқу курсының бағдарламасын әзірлеу;
ON3 жаңа технологияларды дамыту, енгізу және коммерцияландыру бойынша инновациялық жобаларды құру үшін заманауи физика-математикалық әдістерді, компьютерлік жобалау әдістерін және кәсіби міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект әдістерін қолдану;
ON4 ғылыми зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру және қорыту; алынған нәтижелерді өндіріске енгізу бойынша практикалық ұсынымдарды ұсына отырып, есептер, презентациялар және ғылыми мақалалар дайындау;
ON5 инновациялық технологияларды тарта отырып, технологиялық процестер мен жабдықтарды жетілдіру және ұсыныстар әзірлеу; технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін және олардың экологиялық қауіпсіздігін бағалауды жүргізу;
ON6 өндірістік қызметтегі еңбек сапасы мен нәтижелілігін, ұжымның шығындары мен нәтижелерін сыни бағалау; инженерлік физика саласындағы технологиялық процестерді жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсаттары мен міндеттерді қоя отырып ғылыми-техникалық проблеманың жай-күйіне талдау жүргізу;
ON7 өндірістік процестерді моделдеу және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін және ақпаратты компьютерлік өңдеу әдістерін пайдалана отырып инженерлік және техникалық-экономикалық есептерді орындау;
ON8 стандартты және арнайы аспаптық және бағдарламалық құралдардың көмегімен объектілер мен процестердің параметрлерін оңтайландыру үшін физика-техникалық зерттеулерді өз бетінше орындау;
ON9 энергия, ресурс үнемдеу көрсеткіштерін арттыру үшін технологиялық процестердің тиімділігін талдау, қалдықтарды кәдеге жарату технологиясын және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру;
ON10 техникалық құжаттамаға сараптама жүргізу, күнтізбелік жоспарлар мен техникалық спецификалық есептер жасай отырып, ғылыми-зерттеу жобалары үшін өтінім қалыптастыру;
ON11 техникалық аспаптарды, жүйелер мен кешендерді ретке келтіру, ретке келтіру және тәжірибелік тексеру бойынша бақылауды жүзеге асыру, өлшеудің талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету үшін жүйелерді таңдау;
ON12 әртүрлі жағдайларды шешуде креативтілік таныту және шешімдер қабылдау үшін жауапкершілік, өзінің пайымдаулары мен ғылыми ұстанымын дәлелдеу, осы қойылған ғылыми мақсатқа жету үшін шығармашылық ұжымның жұмысын ұйымдастыру
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Қазіргі физиканың таңдамалы тараулары-5 ECTS
- Ғылым, техника және өндірістің қазіргі заманғы мәселелері-5 ECTS
- Реологиялық сұйықтардың жылу физикасы-5 ECTS
- Эксперименталдық жылуфизика-5 ECTS
- Құрылғылар мен қондырғылардың жылулық режимдерін қамтамасыз ету және есептеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Физикалық кинетика-5 ECTS
- Нақты газдар және сұйықтар физикасы-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Өткізетін ортаның жылу физикасы-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Педагогикалық практика-4 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу-4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Технологиялық процестерді оңтайландыру-5 ECTS
- Техникалық физикадағы 3D модельдеу-5 ECTS
- Ғылыми мақалаларды жазу әдістемесі-5 ECTS
- Көпкомпонентті газ қоспаларындағы диффузиялық тұрақсыздық-5 ECTS
- Қайтымсыз процестер термодинамикасының заманауи әдістері-5 ECTS
- Экологиялық мониторинг-5 ECTS
- Энергияны түрлендіру процестері мен құрылғылары-5 ECTS
- Энерготехнологиялық процестерді диагностикалау-5 ECTS
- Энергия және ресурстарды үнемдейтін технологиялар-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер болып табылады: ғылыми-зерттеу институттары, оқу орындары (университеттер, институттар), әртүрлі саладағы кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының басқа да өндірістік мекемелері, сондай-ақ мынадай ұйымдар: 1. «Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ҒЗИ» АҚ; 2. «Қазатомөнеркәсіп «Ұлттық атом компаниясы»» АҚ; 3. Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты; 4. Жану проблемалары институты; 5. «ҚТЖ Жүк тасымалы» АҚ; 6. ЖШС «Innovative technology company», Алматы қ.; 7. «АЭМЗ» ЖШС Алматы қ.; 8. «Samruk-Green Energy» ЖШС; 9. «KEGOC» АҚ; 10. «Аксу-Энерго» ЖШС; 11. «Алматинский электромеханический завод» ЖШС Алматы қ.; 12. «КММ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» Қордай ауданы әкімдігінің бөлімі; 13. «Тенгизнефтестрой» АҚ 14. «Волковгеология» АҚ; 15. «Газпромнефть» ЖШС 16. «Сайман» корпорациясы және т. б.
Байланыс
Болегенова Салтанат Алихановна Алматы, 050040, аль-Фараби, 71. Физика-техникалық факультеті, 317. Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы тел:+7 701 386 9755. 15-43.