Білім беру бағдарламасы
«8D06101 Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты - қолданбалы, эксперименталды зерттеулерді, жетекші ғылыми жобаларды, конструкторлық бюроларды, ғылыми-зерттеу бөлімдерін, білім беру қызметін жүзеге асыруға, ғылыми жетістіктерді ұсынуға қабілетті ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми және ғылыми- педагогикалық кадрларды даярлау.
Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін PhD докторантурасының түлектері келесі жұмысты атқара алады:
ON1. ақпараттық жүйелерді модельдеу, жобалау, әзірлеу, енгізу және техникалық қызмет көрсету саласындағы жаңа теорияларға сараптама жасау және талдау жүргізу;
ON2. салыстырмалы талдау және ұқсастық үшін эмпирикалық деректерді алу арқылы эксперименттік зерттеулер жүргізу, ерекшеліктерді анықтау;
ON3. қолданбалы зерттеулер процесінде алгоритмдерді, бағдарламалық өнімдердің үлгілерін әзірлеу, патенттік іздеуді жүргізу, математикалық үлгілерді қолдану;
ON4. пәнаралық бағыттардан қажетті ресурстарды біріктіру арқылы заманауи әдіснамалар негізінде теориялық зерттеулерде тиімді даму үшін тұрақтылықты, алгоритмдерді, үлгілерді анықтау;
ON5. ақпараттық жүйелер саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру, ғылыми жобаларды жүзеге асыру, жобалық, инновациялық, өндірістік, стратегиялық басқару негізінде ұйымдарда ғылыми зерттеулер жүргізу;
ON6. ғылыми жобалар, АТ инфрақұрылымын және ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми, инженерлік және техникалық қорытынды жасауға;
ON7. ақпараттық технология саласындағы қажетті ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы ақпараттық жүйелердің саласын дамытуға қосқан үлесін, ғылыми жаңалығын қорытындылау;
ON8. ақпараттық жүйелердің өмірлік циклін қамтамасыз ету сатысында әдіснамалар мен технологияларды жетілдіру;
ON9. ақпараттық жүйелердің тұрақты дамуына ықпал ететін жоғары технологиялық стартегияларды құру, АТ шешімдеріне арналған техникалық сипаттамаларды әзірлеу;
ON10. «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша пәндерді оқыту үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысу;
ON11. ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструк-торлық база және соңғы технологиялық шешімдер негізінде өндірістік мақсаттар үшін ақпараттық жүйе түрінде программалық өнімді әзірлеу;
ON12. ғылыми-техникалық конференцияларға қатысып, ғылыми-техникалық есептерді, шолуларды, ғылыми нәтижелерді жариялауды, ғылыми қызметкердің этикасын сақтауды, командамен жұмыс істеуді қамтамасыз ету арқылы әлемдік ғылыми қоғамдастықпен жоғары сапалы басылымдарға сілтеме жасау арқылы интеграциялану.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Түлектерге 8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар «(8D0610 – Ақпараттық жүйелер») бағыты бойынша философия докторы PhD академиялық дәрежесі беріледі.
Бітірушінің кәсіби қызметінің жоспарланған саласы
8D06101 - Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша PhD докторы келесі қызмет түрлерімен айналыса алады:
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- педагогикалық қызмет, оқу қызметі;
- компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық жасақтама жасау саласындағы қызмет.
Білім беру бағдарламасының бітірушісі айрықша дайындалатын кәсіби қызмет түрлері
«8D0610 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша PhD докторы келесідей жұмыс істей алады:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқытушысы;
- кез-келген меншік нысанындағы ғылыми-зерттеу және басқа ұйымдардың зерттеушісі;
- бағдарламалық жасақтама инженері, әзірлеуші, жоба директоры.
Бағдарлама бітірушілерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін 8D06101- Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының негізгі жұмыс берушілері:
1. ҚР БҒМ ҰК «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» РМК;
2. Орта және жоғары білім берудің мемлекеттік және жеке меншік оқу орындары;
3. «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес компаниясы - бұл инновациялық дамудың, өндірісті технологиялық жаңғыртудың, жоғары технологиялық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін түбегейлі жақсартудың стратегиялық міндеттерін, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселелер шешетін кешенді салалық ғылыми-зерттеу институты.
Еңбек нарығындағы қажеттілік - көптеген аймақтық университеттердің осы саладағы мамандарды мақсатты оқытуға жіберетіндігімен негізделеді.
Білім беру бағдарламасы осы мамандық сұранысқа ие ЭҚЖЖ-ке сәйкес экономикалық қызметпен айналысудың мына саласы үшін маңызды:
1. қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
2. байланыс пен ақпаратты қорғау;
3. компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет;
4. бағдарламалық жасақтама жасау;
5. бағдарламалық жасақтамаға техникалық қызмет көрсету;
6.компьютерлік технологиялар саласындағы кеңес беру қызметтері;
7. компьютерлік техниканы басқару жөніндегі қызмет;
8.ақпараттық технологиялар және компьютерлік жүйелер саласындағы басқа да қызметтер;
9.жаратылыстану және инженерия саласындағы ғылыми-зерттеу және эксперименттік әзірлемелер.
Байланыс
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Тел. 8 (727) 377-33-33 ішкі.(15-79), Байшоланова Қарлығаш Советовна 87026159530