Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама кәсіби және жеке құзыреттілікке, зерттеу және аналитикалық дағдыларға ие жоғары білікті биолог-мамандарды даярлауға бағытталған. Жалпы биология, экология, биомедицина, биотехнология салаларында ғылыми-зерттеу, экологиялық, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық, ауыл шаруашылық, білім беру меемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындарда базалық білімдерін тиімді жүзеге асыра алатын, білімдерін және дағдыларын тиімді пайдалана алатын мамандар даярлауға бағытталған
1. студентке бағдарланған оқыту және бағалау принциптерін ескере отырып, оқу сабақтарын (дәрістерден басқа) ұйымдастыра білу, өткізу, сонымен қатар білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды дайындай білу;
2. ғылыми биологиялық зерттеулердің деңгейін ботаника, зоология, клеткалық биология, эмбриология, молекулалық биология, биоинженерия салаларында ғылыми мәліметтерді өңдеуді, биометриялауды, түсіндіруді кең таралған қазіргі заманғы әдістер арқылы жетілдіру;
3. биология, биотехнология, экология, медицина, білім беру салаларында ғылыми зерттеулер мен теорияларды жүйелей, әзірлей және жоспарлай білу және сыни бағалай білу және мәселелерді кәсіби деңгейде шеше алу;
4. оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, өндірістік қызметтерде проблемалық мәселелерді шешу барысында бастапқы теориялық ұстанымдарды таңдап қолдану кезінде биологияның қазіргі заманғы бағыттарының концепциясы мен ғылыми теориясын жүйелей және түсіндіре білу;
5. биология салаларымен және онымен аралас яғни, медицина, ауыл шаруашылығы, экология, биотехнология қызмет салаларында практикалық міндеттерді шешу кезінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды және жобаларды іске асыра білу;
6. жаңа дәрілік препараттарды, микроорганизмдер штаммдарын, ауыл шаруашылығында өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, ГМО жасау мақсатында биология, химия, физика, АТ, медицина, ауыл шаруашылығы салаларында пәнаралық зерттеулер жүргізе білу;
7. биология және биотехнология салаларында меңгерілген зерттеу технологиялары арқылы ғылыми әлемдік көзқарасты негізге ала отырып кешенді зерттеу жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру, заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып тәуелсіз биологиялық зерттеулерді жүзеге асыру үшін бағдарламалық өнімдерді қолдана білу;
8. биоэтика қағидаларына негізделген ғылыми-зерттеу қызметін құру; жұмыс сапасына және нәтижелердің ғылыми дәлдігіне, биоәртүрлілікті сақтауға және қорғауға, адам құқықтары мен денсаулығына жеке жауапты болады;
9. биотехнология және биология салаларында қолданылатын жартылай өндірістің тәжірибелік сатыларының схемасын жасау және осыны негізге ала отырып технологиялық процестерді жүзеге асыру;
10. биология және аралас салалардағы, соның ішінде экология, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнологияда ғылыми өнімдерді бағалай білу және рецензия беру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
1. Түлектің кәсіби қызметінің жоспарланған саласы
Кадрларды даярлау кәсіби қызметтің келесі салаларына жоспарлануда:
-Ғылыми-зерттеу (ҒЗИ және ЖОО зертханаларында);
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- өнеркәсіп;
- ауыл шаруашылығы.
ББ түлегі көбіне дайындалатын қызмет түрлері: оқытушы, маман-биолог, эмбриолог, цитогенетик, зертханашы-биолог және т. б.
"7М05101 - Биология" мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады:
- ғылыми-өндірістік қызмет;
- ғылыми-педагогикалық қызмет;
- эмбриология саласында;
- биотехнология саласында;
- микробиология саласында;
- генетика саласында;
- гендік инженерия саласында;
- зерттеу институттарында;
- диагностикалық орталықтарда;
- эпидемиология;
- биологиялық нанотехнологияларда;
- ботаникада;
- зоологияда.
3. ББ түлектеріне еңбек нарығының қажеттілігі және талдау
"7М05101 - Биология" мамандығы бойынша еңбек нарығындағы әлеуетті жұмыс берушілер мыналар болып табылады:
1. ҚР БҒМ Жалпы генетика және цитология институты;
2. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті;
3. Экология және гидробиология ғылыми-зерттеу институты;
4. "Қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі" ЖШС;
5. «Экомед» клиникасы;
6. «Олимп» клиникалық-диогнастикалық орталығы;
7. Қазақ тағамтану академиясы ЖШС;
8. Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ;
9. Ботаника және фитоинтродукция институты РМК;
10. Экология мәселелері ҒЗИ.
Байланыс
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, Биология және биотехнология факультетінің ғимараты; 527 кабинет, жұмыс тел: +77273773333 (12-12 ішкі)
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна
Тел: +77071104439; e-mail: meruyert.kurmanbayeva@kaznu.edu.kz
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы Құсманғазинов Әділ Болатұлы,
Тел: +77055103787; e-mail: adil.kusmangazinov@kaznu.edu.kz