8D08401 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
Мақсат : Балық шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін, педагогикалық қызметті өз бетінше орындауға қабілетті, кәсіби және ғылыми құзыреттері мен дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
Сипаттама
8D08401 докторлық бағдарламасы — «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» ең тікелей қатысты үш ТДМ сәйкес келеді.
ТДМ 14 — Теңіз экожүйелерін сақтау
Докторлық бағдарлама су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану, сақтау және қалпына келтірудің ғылыми негіздерін әзірлеуге бағытталған. Зерттеулер балық популяцияларының динамикасы мен құрылымын, су экожүйелерінің жағдайын, балық қорларын бағалауды, тұрақты балық шаруашылығын және биоәртүрлілікті сақтауды қамтиды.
Негізгі бағыттар:
Балық ресурстарын ғылыми басқару;
Қорларды бағалау және болжау;
Биоәртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру;
Тұрақты өнеркәсіптік балық шаруашылығы;
Су экожүйелерін бақылау және модельдеу;
Су биологиялық ресурстарын басқару бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу.
ТДМ 2 — Аштықпен күрес
Бағдарлама тұрақты балық шаруашылығын ғылыми қолдау арқылы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді. Докторлық зерттеулер балық шаруашылығы ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, көбею технологияларын дамытуға және балық аулау операцияларын рационализациялауға бағытталуы мүмкін. Негізгі үлес: табиғи ресурстарды сақтай отырып, тұрақты су азық-түлік өндірісін ғылыми негіздеу.
ТДМ 13 – Климаттық өзгерістермен күрес
Докторлық зерттеулер климаттың өзгеруінің су экожүйелері мен балық популяцияларына ұзақ мерзімді әсерін анықтауға көмектеседі. Балықтардың таралу аймағы мен санының өзгеруін болжау, экожүйенің тұрақтылығын бағалау және балық шаруашылығын бейімдеуге ғылыми тәсілдерді әзірлеу ерекше маңызды. Негізгі үлес: климаттық тәуекелдерді болжау және балық шаруашылығына бейімделу стратегияларын әзірлеу.
Білім беру бағдарламасы
Балық шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылымның, білімнің және өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін, педагогикалық қызметті өз бетінше орындауға қабілетті, кәсіби және ғылыми құзыреттері мен дағдылары бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
1. Балық шаруашылығының өзекті мәселелері бойынша ғылыми жұмыстарды, мақалаларды, жобаларды редакциялайды және экспертиза мен сараптама жасап, ұсынады;
2. Су қоймасын, инкубациялық цехты дайындаудың және өндірушілерді іріктеудің технологиялық және өндірістік процестерін басқарады, әр түрлі типтегі балық шаруашылықтарын өсіру, азықтандыру, жобалау және ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандарға кеңес береді;
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) және қорықтарды, әртүрлі типтегі аквакультура кәсіпорындарын, генетикалық заңдарды және балық шаруашылығының ғылыми – зерттеу орталықтарын пайдалана отырып, селекциялық-асыл тұқымды балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру және жобалау үшін техникалық – экономикалық және биологиялық негіздеме әзірлейді;
4. Қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолдана отырып, табиғи су айдындары мен балық өсіру шаруашылықтарында жемдік организмдерді тұтыну және балықты азықтандыру дәрежесін анықтай отырып, су айдындарының жемдік ресурстарының жай-күйін бағалайды;
5. Асыл тұқымды шаруашылықты ұйымдастыру, балықтардың өнімділік қасиеттерін сәйкестендіру, бағалау, табиғи су айдындарының балық шаруашылығы мониторингі, кейіннен балық шаруашылығы су айдындарының жай-күйін талдау және бағалау мәселелерін үйлестіреді;
6. Таксондар систематикасы мен түрлердің әртүрлілігін, балық популяциясының морфобиологиялық және генетикалық жағдайын анықтай отырып және биоиндикация және биотестерлеу әдістерін қолдана отырып, табиғи су объектілерінің жағдайына антропогендік факторлардың әсер ету ауқымын бағалайды;
7. Білім беру бағдарламалары мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлей отырып, адамгершілік – этикалық және құқықтық нормаларға сәйкес белсенді педагогикалық қызметті жүзеге асырады;
8. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау мақсатында балық шаруашылығын басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде басқарушылық шешімдер қабылдаудың ықтимал тәуекелдері мен салдарын ескере отырып, жойылып кету қаупі төнген және Қызыл кітапқа енген гидробионт түрлерінің санын қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген іс-шараларды әзірлейді.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық хат — 3 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері — 3 ECTS
- Балық шаруашылығы ғылымының өзекті мәселелері — 5 ECTS
- Су биологиялық ресурстарын басқарудың негіздері — 5 ECTS
- Аквакультураның объектілерін өсіру мен қоректендірудің технологиялық негіздері — 5 ECTS
- Балық шаруашылығы генетикасы — 5 ECTS
- Балықтардың эволюциясы, систематикасы және географиясының қазіргі проблемалары — 5 ECTS
- Биоиндикация және биотестілеу — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық практика — 10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 11 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Ғылыми семинар — 2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 8 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 14 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 15 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Ғылыми семинар — 4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Ғылыми тағылымдама — 10 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 2 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 10 ECTS
- Қорытынды аттестаттау — 12 ECTS
Жұмысқа орналасу
"8D08401 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіәптік балық аулау" білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған PhD философия докторы балық шаруашылығы саласындағы басқарушылық және ғылыми – зерттеу қызмет түрлерінде жұмыс істей алады:
ихтиология, Гидробиология, су биологиялық ресурстарының қазіргі жағдайы мен қорғалуы, генетикалық әртүрлілікті сақтау саласындағы зерттеулер;
- түрішілік генетикалық әртүрлілікті, гидробионттардың популяциялық құрылымын, гидробионттардың сақталу стратегиясы мен тактикасын зерттеу;
-су айдындарының жұмыс істеуінің экологиялық негіздерін, экологиялық аудандастыруды, биоресурстарды тұрақты пайдалану принциптерін зерттеу;
- өзендердің, көлдердің, су қоймаларының, теңіздердің биологиялық өнімділігін зерттеу;
-гидробионттардың популяциясын реттеудің биологиялық және құқықтық механизмдерін зерттеу. Жалпы рұқсат етілген аулауды анықтау;
- бағалы кәсіпшілік балықтардың өнімділігін арттыруға (индукцияланған гиногенез), жойылып бара жатқан және сирек кездесетін гидробионттарды қалпына келтіруге және сақтауға бағытталған биотехнологиялық зерттеулер;
- Қазақстанда негізгі кәсіпшілік балық түрлерінің таралуы мен санының динамикасын, шаруашылық қызметтің су айдындарының биологиялық өнімділігіне әсерін зерттеу.
Байланыс
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, Биология және биотехнология факультетінің ғимараты; 527 кабинет, жұмыс тел: +77273773333 (12-12 ішкі)
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна
Тел: +77071104439; e-mail: meruyert.kurmanbayeva@kaznu.edu.kz
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы Кегенова Гүлнар Болатқызы,
Тел: +77022351663; e-mail: gulnar.kegenova@kaznu.edu.kz