Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты - ғылыми зерттеулер, теориялық білімдер мен зерттеу әдістерін ғылыми зерттеулер саласында, қойылған мәселелерге жалпыланған шешімдерді әзірлеу және талдау жасауда қолдана алатын, қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды даярлау. Білім беру бағдарламасын іске асыру: қабілетті маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.
- кәсіби міндеттерді шешу үшін плазма физикасының фундаменталды салалары туралы білімдерін қолдана білу;
- ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, физикалық есептерді программалаудың заманауи әдістерін қолдану;
- ақпараттық технологияны қолдана отырып, плазма физикасы бойынша эксперименттік және теориялық физикалық зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- өзінің кәсіби қызметінде қазақ, орыс және шет тілдерінде қарым-қатынас дағдыларын қолдану.
Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін магистранттар келесі қабілетті болады деп күтілуде:
ON1 Плазма физикасының ағымдағы жай-күйіне қатысты нақты ғылыми-техникалық тапсырмаларды іске асырудың теориялық және практикалық әдістерін білу және түсіну;
ON2 Ғылыми-технологиялық революция процесінде ғылым дамуындағы парадигмалардың дамуының негізгі кезеңдері туралы түсінік қалыптастыру
ON3 Плазма физикасындағы физикалық құбылыстар мен процестердің математикалық модельдерін құру үшін математикалық аппараттар мен стандартты қолданбалы бағдарламалық пакеттерді қолдану.
ON4 Идеал емес плазмалық физикада эксперименттер мен компьютерлік модельдеу туралы ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттарды жинауды, өңдеуді, талдауды және жүйелеуді өз бетінше ұйымдастыру.
ON5 Қабылданатын шешімдердің техника-экономикалық тиімділігін бағалау
ON6 Ғылыми-техникалық әдебиеттерде жарияланған нәтижелерді зерттеу, сынау, ғылыми-әдістемелік рефераттарды, мақалалар мен есептерді талдау және жазу, идеалды емес плазмалық физикада программалау және модельдеу дағдыларын қолдану
ON7 Плазма физикасының физикалық есептерінің нақты шарттары бойынша мақсаты мен міндеттеріне сәйкес зерттеу жұмыстарынының жеке түрлерін жоспарлау.
ON8 Термоядролық есептерді шешу үшін эксперименттік плазмалық жүйелердің өнімділігі мен энергия тиімділігін есептеу және есептеу
ON9 Кванттық деңгейде плазмадағы құбылыстардың математикалық модельдерін құрастыру және зерттеу, бағалау әдістері мен компьютерлік модельдеуді ескере, тиісті математикалық аппараттарды қолдану
ON10 Плазма физикадағы актуалды ғылыми-зерттеу мәселелерін шешудің теориялық және тәжірибелік әдістерін біріктіру
ON11 Заманауи бағдарламалық қамтамасыздандыруды және кәсіби салада қауіпсіз жұмыс істеудің әдістерін біріктіру туралы шешім қабылдау
ON12 Білім беру орындарындағы оқу процесіне плазма физикасы саласындағы жетістіктерін енгізу
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Плазма физикасы және термоядролық синтез-5 ECTS
- Тығыз плазманың динамикалық сипаттамaларын компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Плазма физикасы-5 ECTS
- Плазманың транспорттық қасиеттерін компьютермен моделдеу-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Төменгі температуралы плазма физикасы-5 ECTS
- Плазма физикасының өзекті мәселелері-5 ECTS
- Педагогикалық практика-4 ECTS
- Басқару психологияcы-3 ECTS
- Газдың разряд физикасы-5 ECTS
- Газдағы электрлік ток-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Плазмалық процесстерді математикалық моделдеу-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Плазмалық технологиялар-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Плазмохимия-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Плазмалық қондырғыдар. Электр реактивті қозғалтқыштар және олардың ғарышта қолданылуы-5 ECTS
- Идеал емес плазманың кванттық-статистикалық модельдері-5 ECTS
- Ғарыш плазмасы-5 ECTS
- Плазмалық технология негізіндегі наномедицина-6 ECTS
- Кванттық-механикалық модельдеудің заманауи әдістері-5 ECTS
- Компьютерлік модельдеу әдістері және мәліметтерді өңдеу-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бұл білім беру бағдарламасы қос дипломдық бағдарлама бойынша екі жетекші университет - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Мәскеу инженерлік физика институты» (MEPhI) ҰЗЯУ базасында жетекші шетелдік білім беру ұйымдарының ұқсас бағдарламаларын талдай отырып құрастырылған, мұнда қазіргі заманғы плазма физикасындағы ақпараттық, эксперименттік, компьютерлік технологияларға ерекше көңіл бөлінеді.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру келесі маманның тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:
− плазма физикасының іргелі бөлімдері бойынша білімдерін кәсіби есептерді шешу үшін қолдана алады;
- ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын ескере отырып, физикалық тапсырмаларды бағдарламалаудың заманауи әдістерін қолдана алады;
- ақпараттық технологиялардың көмегімен плазма физикасына қатысты эксперименттік және теориялық физикалық зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алады;
Байланыс
Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71,
12-корпус, Физика-техникалық факультет, 310 каб.
Кафедра меңгерушісі - Коданова Сандуғаш Кулмагамбетовна
Телефон: +7(727)2211553
e-mail: sandugash.kodanova@kaznu.kz