Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты - жану және жарылыс, физикалық және химиялық инженерия, материалтану және нанотехнологиялармен байланысты химиялық физика саласындағы теориялық және қолданбалы есептерді шешу үшін кәсіби құзіреттілігі бар магистрлерді даярлау.
Бағдарлама кәсіби қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған:
- химиялық физика, химиялық реакциялардың физикалық теориясы және химиялық құрылымдардың динамикасын зерттеуге арналған эксперименталды әдістер саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді бағалау;
- қазіргі заманғы химиялық физиканың, нанотехнологияның және басқа пәнаралық салалардағы негізгі принциптері мен әдістерін дәлелдеу;
- қазіргі заманғы химиялық физиканың, нанотехнологияның және басқа пәнаралық салалардағы негізгі принциптері мен әдістерін дәлелдеу;
- төтенше жағдайларда - электрлік және магниттік өрістерде, статикалық және динамикалық сығылу жағдайында, лазерлік сәулелену өрістерінде, плазмада және гравитациялық өрістерде, ультра жоғары және өте төмен температураларда заттардың және құрылымдық-фазалық ауысулардың күйін талдау;
- химиялық физика саласында ғылыми және қолданбалы зерттеулерді дербес жүргізеді және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық практикада қолдану және кәсіби мәселелерді шешуге арналған практикалық ұсыныстар әзірлейді.
Магистранттар бұл бағдарламаны аяқтағаннан кейін мыналарды орындай алады:
1. Химиялық кинетиканың негізгі ұғымдары мен ережелерін, химиялық реакциялар кинетикасын зерттеудің эксперименттік әдістерін және эксперименттік мәліметтерді талдау әдістерін түсіндіріп беру;
2. Химиялық реакциялар кинетикасы, диффузия және жылу беру теориясы, жану және жарылыс үдерісіндегі химиялық термодинамиканың ережелері мен наноматериалдардың синтезі туралы жүйелі білім қалыптастыру;
3. Термиялық ыдырау, жану, жарылыс және детонация үдерісіндегі заттар мен жүйелердің жылдам жүретін химиялық және физика-химиялық өзгерулерін жіктеу;
4. Ғылыми-инновациялық және инженерлік-техноло-гиялық қызметке теориялық және экспериментальды зерттеу, физикалық және химиялық үдерістерді модельдеу әдістерін қолдану;
5. Сандық сауаттылықты көтеру үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияларды күнделікті және кәсіби қызметте қолдану және ақпараттарды қабылдау, сақтау және өңдеу үшін ғаламдық компьютерлік желілерде жұмыс істеу дағдыларын игеру;
6. Технологиялық үдерістерді оңтайландыру үшін әр түрлі жүйелердегі химиялық үдерістер кинетикасына сыртқы әсерлердің әсер ету заңдылықтарын бағалау;
7. Материалдық қасиеттерді синтездеу және модификациялау үдерістерін модернизациялауға мүмкіндік беретін химиялық физика әдістерін қолданудың тиімді бағыттарын таңдау;
8. Химиялық физика саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін жазу және өңдеу әдістерін таңдауды негіздеу;
9. Химиялық физика саласындағы ғылыми және кәсіптік білімдерді жоғары оқу орнының оқу үрдісінің практикасына, оның ішінде қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері тұрғысынан біріктіру;
10. Үздіксіз білім алу және өздігінен білім алу дағдыларын, жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделері үшін шығармашылық әлеуетін барынша тиімді пайдалану қабілетін дамыту;
11. Білімнің соңғы салаларында, кәсіби қызметтің және қоғамдық өмірдің маңызды салаларында өзін-өзі жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер беретін кәсіби және жеке қасиеттерді тәжірибеде қолдану;
12. Әлеуметтік және этикалық міндеттемелерді өздігінен қабылдауға, ұжымдардың, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
ЖШС «Ин Прометей»,
ЖШС «Фирма Жайна»,
ЖШС «Жалын»,
РГП «Жану проблемалар институты»
ЖШС НПТЦ Жалын,
ЖШС «Прометей»,
ЖШС «АлмаДК»,
ЖШС «НитроСибирьКазахстан»,
ЖШС «Казфосфат»
ЖШС Экспертно –сертификационный центр взрывчатых материалов
ЖШС «КазСтройСтекло»
ЖШС «Нуркадам»
ЖШС «Munai Eco Engineering»
Байланыс
Химия және Химиялық технология факультеті, 1-қабат,каб. 122.
әл-Фараби даңғылы, 71
Корпус ГУК5
Кафедра телефоны: 8(727) 211-15-11