6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Цель: Өмірлік қиын жағдайда жүрген, ерекше көмекке мұқтаж тұлғалармен және топтармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыратын және үйлестіретін, талдау-зерттеу қызметін жүргізетін, әлеуметтік мекемелер жүйесінде ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысатын клиенттердің түрлі санаттарына әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік жұмыс бойынша білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету
Предметы на ЕНТ: Биология и География

Білім беру бағдарламасы
Өмірлік қиын жағдайда жүрген, ерекше көмекке мұқтаж тұлғалармен және топтармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыратын және үйлестіретін, талдау-зерттеу қызметін жүргізетін, әлеуметтік мекемелер жүйесінде ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысатын клиенттердің түрлі санаттарына әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік жұмыс бойынша білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету
1. әлеуметтік жұмыстың негізгі ұғымдарын, теорияларын, функциялары мен тетіктерін ажырату мен түсіндіруде, оларды өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен өзара іс-қимыл кезінде пайдалануда қабілеттілік көрсетуге;
2. ғылыми танымның, әл-Фараби оқуының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырудың, табиғатты ұтымды пайдаланудың, адам тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, ғылыми зерттеулер әдістерінің, қаржылық сауаттылық негіздерінің әртүрлі модельдері негізінде өзін-өзі дамыту, әлеуметтік ақпаратты басқару стратегиясын айқындауға;
3. әртүрлі кәсіби жағдайларда әлеуметтік жұмыстың базалық әдістері мен технологияларын қолдануға;
4. клиенттермен жұмыс істеу кезінде нақты жағдайдың ерекшеліктерін, зерттеу деректерін, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, құқықтық құрамдас бөліктерін ескере отырып, кәсіби этика тұрғысынан бағалауға;
5. өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру және оңалту мәселелері бойынша делдалдық, әлеуметтік-профилактикалық, консультациялық және әлеуметтік-психологиялық қызметті жүзеге асыруға;
6. клиенттің, оның ортасының психологиялық, тұлғааралық, әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында мамандар мен қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруге;
7. клиенттің өз күштерін, физикалық, психикалық және әлеуметтік ресурстарын жұмылдыру арқылы өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтуге;
8. арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, әлеуметтік қамсыздандыруды және қазіргі заманғы квалиметрия мен стандарттау жетістіктері негізінде әлеуметтік көмек шараларын жүзеге асыру бойынша мониторинг жүргізуге;
9. әлеуметтік жарнама және клиентке әсер етудің басқа құралдары арқылы клиентпен әлеуметтік өзара әрекеттесу бағдарламаларын әзірлеуге;
10. әлеуметтік жұмыс саласындағы процестер мен құбылыстарды болжау, жобалау және модельдеу, әлеуметтік жобаларды сараптамалық бағалау әдістемелерін пайдалана отырып, әлеуметтік жобаларға қатысуге;
11. азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын іске асыратын ұйымдардың бөлімшелерінде қажетті құжаттаманы және құжат айналымын ұйымдастыруды талдау және жүргізуге;
12. әлеуметтік міндеттерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын өз бетінше таңдау қабілетін көрсетуге
қабілетті болады.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Әлеуметтік саясат, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қызметкердің кәсібі-6 ECTS
- Әлеуметтік жұмыс: тарих, теориялар мен тәсілдер-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Психология)-2 ECTS
- Кәсіби (оқу)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Мәдениеттану)-2 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану)-2 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әлеуметтік жұмысты құқықтық камтамасыз ету-5 ECTS
- Әлеуметтік медицинаның негіздері-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері-5 ECTS
- Адам мінез-құлқы және әлеуметтік орта-5 ECTS
- Өзін-өзі түсіну және қарым-қатынас дағдылары-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы басқару, ұйымдастыру және әкімшілендіру-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы психология-6 ECTS
- Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар және мониторинг-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы кейс-менеджмент-5 ECTS
- Мамандандырылған мекемелерде әлеуметтік жұмыс-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы гендерлік мәселелер-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыс статистикасы-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы демография-5 ECTS
- Алдын алу, түзету және оңалту технологиялары-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу тәжірибесі 1-5 ECTS
- Жастармен әлеуметтік жұмыс-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Әлеуметтік жұмыстағы жанжал мәселелері-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу тәжірибесі 2-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы көмек және өзіне-өзі көмек көрсету технологиялары-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы супервизия негіздері-5 ECTS
- Ересектер және егде адамдармен әлеуметтік жұмыс-6 ECTS
- Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің интеграциясы-5 ECTS
- Қала дамуы және қалалық әлеуметтік қозғалыстар-5 ECTS
- Тәуекел топтармен әлеуметтік жұмыс-5 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс-6 ECTS
- Балалар мен әйелдерге қатігездік көрсету: бағалау және араласу-5 ECTS
- Отбасылармен әлеуметтік жұмыс тәжірибесі-5 ECTS
- Әлеуметтік инклюзия және әлеуметтік жұмыс-5 ECTS
- Ауылдық жерлерде әлеуметтік жұмыс-5 ECTS
- Әлеуметтік дағдарыстар мен апаттар-5 ECTS
- Балалар және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыстағы жобалық қызмет-5 ECTS
- Халықты жұмысбастылығы және әлеуметтік жұмыс-5 ECTS
- Әлеуметтік жұмыс және цифрлы қоғам: тәжірибелер және технологиялар-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Өндірістік-8 ECTS
- Диплом алды-8 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
«ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС» ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасының барлық түлектері әртүрлі салаларда: халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен мекемелерінде; қарттарды қорғау, балалар мен психикалық ауытқуы бар ересектерді қолдау, сонымен бірге ішкілік пен есірткіге салынумен күрес қызметтерінде жұмыс жасау арқылы өздерін көрсете алады. Әлеуметтік қызметкерлер Мамандандырылған қызметтерде пробация қызметкерлері және сот жүйесіне тартылған балалардың мүддесін қорғайтын қамқоршылар ретінде жұмыс жасай алады. Әлеуметтік жұмыстың түлектері тәуекел тобындағы немесе балаларды қорғау, патронаттық тәрбие және бала асырап алу саласындағы қамқорлықтағы балаларды бағалау және қорғау бойынша маман; клиникалық әлеуметтік қызметкерлер; қоғамда микро, мезо және макро деңгейлердегі қоғамдық әлеуметтік қызметкерлер; пенитенциарлы жүйедегі әлеуметтік қызметкерлер; гериатриялық әлеуметтік қызметкерлер; психикалық денсаулық әлеуметтік қызметкері; әскери әлеуметтік қызметкерлер, денсаулық сақтау саласындағы мамандар; травматологиялық әлеуметтік қызметкерлер бола алады. ББ «6В11401-Әлеуметтік жұмыс» 1. Халыққа қызмет көрсету орталығы; 2. Қоғамдық қайырымдылық қорлары; 3. Әртүрлі облыстар мен қалалардағы кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі; 4. Әкімшіліктердің аудандық, қалалық, облыстық ішкі саясат бөлімдері 5. Облыстық, аудандық, қалалық емханалар; 6. Дағдарысты орталықтарда Кейс-менеджер; 7 . Отбасы мен балалықты қолдау орталықтары; 8. ҮЕҰ; 9. Орта білім беру жүйесіндегі әлеуметтік.
Байланыс
әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Морозова Т.А., 87019957972
БББ бойынша құжаттар
23123123