8D02213 Еуразия археологиясы
Цель: ББ мақсаты – Археология саласындағы ғылыми жобаларды, заманауи әдіснаманы, цифрлық технологияларды және халықаралық коллаборацияларды пайдалана отырып кешенді далалық және зертханалық зерттеулерді іске асыратын, ғылыми-зерттеу, педагогикалық, реставрациялау, сараптамалық-консультациялық, әкімшілік-басқару, мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыру үшін кәсіби құзыреттерінің деңгейі жоғары, құндылық бағдарлары мен көшбасшылық қасиеттері бар білікті ғылыми кадрларды даярлау.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
ББ мақсаты – Археология саласындағы ғылыми жобаларды, заманауи әдіснаманы, цифрлық технологияларды және халықаралық коллаборацияларды пайдалана отырып кешенді далалық және зертханалық зерттеулерді іске асыратын, ғылыми-зерттеу, педагогикалық, реставрациялау, сараптамалық-консультациялық, әкімшілік-басқару, мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыру үшін кәсіби құзыреттерінің деңгейі жоғары, құндылық бағдарлары мен көшбасшылық қасиеттері бар білікті ғылыми кадрларды даярлау.
ON1 Ғылыми тенденциялардың даму перспективаларын сыни тұрғыдан бағалау, тарихи-мәдени процестер мен құбылыстарды, археологиялық мәдениеттер мен құбылыстардың тұжырымдамалық модельдерін ғылыми қайта құру, археологиялық ғылымның өзекті мәселелерін зерттеудің әдіснамалық тәсілдері мен әдістерін әзірлеу;
ON2 Өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жоғары импакт-факторы бар жарияланымдар, ұжымдық монографиялардағы, ғылыми және ғылыми-танымал басылымдардағы бөлімдер түрінде дайындау және ұсыну;
ON3 Археологиялық экспедицияларға жетекшілік ету, жаратылыстану-ғылыми бейіндегі және гуманитарлық білімнің сабақтас салаларындағы мамандарды, сондай-ақ қосымша қаржыландыру көздерін тарта отырып, ескерткіштерді кешенді зерттеу бағдарламасын әзірлеу;
ON4 Зерттеу саласындағы ғылыми жарияланымдарға шолу жасау, ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
ON5 Құрылысқа бөлінген жерлерге, ғылыми жобаларға, археология саласындағы есептерге сараптама жүргізу; ғылыми зерттеулердің деңгейін, перспективалары мен нәтижелілігін бағалау; тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді қорғау мәселелерінде әкімшілік органдарға кеңес беру; жобалау-сметалық құжаттаманы ғылыми қамтамасыз етуді әзірлеу;
ON6 Ғылыми қызметті қаржыландыруға арналған конкурстарға (тендерлерге, гранттарға) қатысу, материалдық және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды жобалау және ұйымдастыру, зерттеушілердің бүкіл тобы қызметінің нәтижелілігін арттыру мақсатында негізделген шешімдер қабылдау;
ON7 Халықаралық ынтымақтастықты құру және дамыту, әріптестермен, ғылыми қоғамдастықпен, әлеуметтік серіктестермен, оның ішінде шетелдік серіктестермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, археологиядағы өзекті зерттеу міндеттерін шешу кезінде жаңа әлеуметтік және экономикалық серіктестер іздеуді жүргізу;
ON8 Оқытудың заманауи ақпараттық және мультимедиялық құралдары мен әдістерін қолдана отырып, педагогикалық қызметке өз зерттеулерінің нәтижелерін енгізу, оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Еуразия археологиясындағы заманауи тұжырымдамалар-5 ECTS
- Археологиядағы Тарихи қайта құруы-5 ECTS
- Ежелгі технологиялар мәдениет феномені ретінде-5 ECTS
- Ежелгі Қазақстандағы қару-жарақ және әскери іс-5 ECTS
- Еуразия кеңістігіндегі ерте көшпенділер мәдениеті-5 ECTS
- VI — XII ғғ. орта ғасырлардағы түркі мәдениетінің киелі кеңістіктерін археологиялық зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
- Қортынды аттестация-12 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Білім беру траекториясы бойынша кадрларды даярлау кәсіби қызметтің келесі бағыттары үшін жүргізіледі: - Тарих, археология саласындағы ғылыми-зерттеу институттарында халықаралық және республикалық ғылыми жобаларды ұйымдастыру және орындау дағдылары бар ғылыми қызметкер; - Кешенді археологиялық экспедицияларды ұйымдастыру және өткізу дағдылары бар кәсіби археолог және т. б.; - Жоғары оқу орындарының бейіні бойынша оқытушысы; - Ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік құжаттамалармен жұмыс жөніндегі маман; - Археология саласындағы ғылыми реставрация жөніндегі маман (археологиялық ескерткіштерді, ежелгі технологияларды қайта құру); - Археологиялық артефактілермен консервациялау және реставрациялау жұмыстарын жүргізу дағдылары бар реставратор; - Қазақстан археологиясы саласындағы археологиялық объектілерге, ғылыми есептерге және өтінімдерге сараптама жүргізудегі маман; - Қызметі тарих, археология, мәдениет ескерткіштерін қорғаумен байланысты ұйымдар комиссиялары мен комитеттерінің мүшесі: ЮНЕСКО, ИКОМОС, ИКОМ.
Байланыс
Білім бері бағдармаларының координаторы: Мусаева Райхан Сериковна, сот. +77772840002, e-mail: argin_rr@mail.ru
БББ бойынша құжаттар
23123123