Цель: «Есептеу ғылымдары және статистика» магистратура бағдарламасы есептеу ғылымдары, стохастикалық есептеу әдістері, шешімдер қабылдау әдістері, жоғары өнімді есептеулер, есептеу торларын құру, машиналық оқыту облыстары бойынша жоғары деңгейлі мамандарды дайындауға бағытталған. Аталмыш білім беру бағдарламасының түлегі ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулер мен педагогикалық қызмет атқара алады.
Предметы на ЕНТ:
Математикалық талдау и Дифференциалдық теңдеулер
Білім беру бағдарламасы
«Есептеу ғылымдары және статистика» магистратура бағдарламасы есептеу ғылымдары, стохастикалық есептеу әдістері, шешімдер қабылдау әдістері, жоғары өнімді есептеулер, есептеу торларын құру, машиналық оқыту облыстары бойынша жоғары деңгейлі мамандарды дайындауға бағытталған. Аталмыш білім беру бағдарламасының түлегі ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулер мен педагогикалық қызмет атқара алады.
ON 1 Есептеу математикасының тиімді заманауи әдістерін қолдана отырып, есептеу зерттеулері мен эксперименттерінің алгоритмдерін құру және қолдану
ON 2 Ақырлы айырымдар, көлемдер және элементтер әдістерімен дифференциалдық теңдеулерді аппроксимациялау негізінде есептеу математикасының алгоритмдері мен әдістерін құру
ON 3 Есептеу әдістері мен айырымдық схемалардың жинақтылығы мен корректілігіне, сонымен қатар жоғары өнімді алгоритмдер жағдайында математикалық логика және есептеу теориясы элементтерін қолданып, фундаменталды талдау жүргізу
ON 4 Құрылымды, қисық сызықты, ұүрылымсыз есептеу торларын тұрғызу және қолдану арқылы күрделі геометриялы облысы бар есептерді шешу
ON 5 Нәтижелерді тиімді болжау мақсатында есептеу алгоритмінің адаптациясы үшін терең оқыту, нығайтылған оқыту негізінде деректерді интеллектуалды талдау әдістерін қолдану
ON 6 СӨЖ үшін әдістемелік ұсыныстар, лабораторялық, практикалық жұмыстар, дәріс курстары, оқулықтар, оқу құралдары, тәрбие жұмыстары жоспары және т.б. құра отырып, инновациялық технологиялар негізінде математикалық пәндер бойынша оффлайн және онлайн режимде сабақтар жүргізу
ON 7 Инженерлік есептер үшін параллельді есептеу алгоритмдерін құру және оларды жоғары өнімді жүйелерде жүзеге асыру, кванттық есептеу алгоритмдерін құру
ON 8 Стохастикалық анализ әдістерін және стохастикалық дифференциалдық теңдеулерді қолдана отырып, түрлі салалрдағы ықтималды үрдістердің есептеу симуляцияларын құру және жүргізу
ON 9 Шынайы эксперименттер негізінде есептеу жүйелерінің параметрлерін жинақтау, адаптациялау және тестілеу үшін экономика мен өндірістің түрлі салаларында математикалық статистика әдістерін пайдалану
ON 10 Заманауи өзекті есептерді шешіп, рейтингы жоғары журналдарға нәтижелерін басылымға шығарып, конференцияларда баяндама жасап, өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізу
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
Стохастикалық талдау және оның қосымшалары-5 ECTS
Стохастикалық аппроксимация және басқару-5 ECTS
Больцманның торлы теңдеулерін талдау-5 ECTS
Бір фазалы және көп фазалы ағындар үшін Больцманның торлы теңдеулері әдісі-5 ECTS
Жоғары өнімді есептеулер-5 ECTS
Кванттық есептеу алгоритмдері-5 ECTS
Ғылыми семинар-1 ECTS
Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
Басқару психологиясы-3 ECTS
Педагогикалық-4 ECTS
Стохастикалық дифференциалдық теңдеулер және олардың қосымшалары-5 ECTS
Больцманның торлы теңдеулері әдісінің сандық жүзеге асырылуы-5 ECTS
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
Құрылымсыз торларды құру әдістері-5 ECTS
Ғылыми семинар-1 ECTS
Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
Кері есептерді шешудегі есептеу әдістері-5 ECTS
Күрделі геометриялық аймақтардағы гидродинамикалық есептерді шешудің есептеу әдістері-5 ECTS
Зерттеу-4 ECTS
Шешімдер қабылдаудың Марков процестері-5 ECTS
Параметрлік емес статистика-5 ECTS
Факторлық талдау-5 ECTS
Терең оқыту-5 ECTS
Big Data аналитикасы-5 ECTS
Үлестірілген жүйелер және нақты уақыттағы деректерді өңдеу-5 ECTS
Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 4
Қортынды аттестация-8 ECTS
Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
Ғылыми семинар-1 ECTS
Зерттеу-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Магистранттар ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінде, аналитикалық және консалтингтік компанияларда, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, IT-компанияларда, қаржы мекемелерінде және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істей алады. Олар өз салаларында талдаушылар,статистика мамандары,ғылыми-зерттеу және дамыту мамандары, оқытушылар құрамы, жоба менеджерлері, ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ кеңесшілер ретінде қызмет ете алады. Магистранттар көбінесе аналитикалық ойлау, модельдеу және деректерді басқару бойынша терең білім мен дағдыларды қажет ететін күрделі ғылыми және қолданбалы жобаларға қатысады.