Цель: Білім беру бағдарламасы білім алушыларда есептеу ғылымдары мен статистика саласында өзекті білім мен құзыреттілікті қалыптастыруға, есептеу және статистикалық деректер негізінде нақты процестердің математикалық және компьютерлік модельдерін жасауға, оларды зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін таңдауға, оқытылатын ғылым салаларында кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін қосымшалар мен бағдарламалық өнімдерді жасауға, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру дағдыларын және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға бағытталған.
Предметы на ЕНТ:
Математика и Физика
Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасы білім алушыларда есептеу ғылымдары мен статистика саласында өзекті білім мен құзыреттілікті қалыптастыруға, есептеу және статистикалық деректер негізінде нақты процестердің математикалық және компьютерлік модельдерін жасауға, оларды зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін таңдауға, оқытылатын ғылым салаларында кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін қосымшалар мен бағдарламалық өнімдерді жасауға, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру дағдыларын және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға бағытталған.
ON1. Есептерді шешу үшін есептеу ғылымы мен статистика әдістерінің негізгі ұғымдары мен идеяларын білу және логикалық ойлау, математикалық сауаттылықты көрсету;
ON 2. Есептеу ғылымы мен статистиканың заманауи әдістерін таңдау және оларды жаратылыстану мәселелерін шешуде қолдану;
ON 3. Зерттелетін тапсырманың деректеріне сәйкес келетін статистикалық гипотезаларды тұжырымдай және тексере білу;
ON 4. Қазіргі уақытта күрделі математикалық модельдер мен есептерді шешудің негізгі құралы ретінде есептеу математикасы мен статистика әдістерін меңгеру;
ON 5. Есептеу жұмыстарының нәтижесін талдау және олардың негізінде математикалық модельдермен сипатталған процестерді визуализациялау;
ON 6. Есептеу математикасы мен статистика әдістерін іске асыру үшін бағдарламалау құралдарын пайдалану және жаңа бағдарламалар әзірлеу;
ON 7. Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу және конференцияларда сөз сөйлеу түрінде ғылымның тиісті салаларындағы ғылыми-зерттеу және есептеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау;
ON 8. Есептеу және статистикалық мәліметтер негізінде нақты процестердің компьютерлік модельдерін құру;
ON 9. Математикалық әдістердің құралдары мен принциптері негізінде зерттелетін объектінің математикалық модельдерін құру;
ON 10. Әр түрлі сипаттағы статистикалық деректерге сандық бағалау әдістерін қолдану;
ON 11. Зерттелетін ғылым саласындағы кәсіби қызметті оңтайландыру үшін бағдарламалар пакеттеріне қосымшалар жасау, зертханалық және сандық эксперименттер жүргізу, модельдеу нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығын бағалау;
ON 12. Топта жұмыс істеу, математикалық және статистикалық мәселелерді шешудің дұрыстығын дәлелдеу; өз қызметін, топ қызметін сыни бағалау және өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға қабілетті болу.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Есептеу ғылымдары және статистика бакалаврлары деректерді талдау және бизнес-аналитика, қаржы секторы, машиналық оқыту және жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу және енгізу, IT индустриясы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мемлекеттік сектор және қоғамдық ұйымдар, маркетинг және тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу, денсаулық сақтау, өндірістік компаниялар, сондай-ақ, білім беру, деректерді талдаушылар, деректер инженерлері, статистика мамандары, бағдарламалық жасақтама жасаушылар сияқты салаларда жұмыс істей алады.