Білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты медициналық қызметтердің сапасын басқару саласында білікті мамандарды даярлау болып табылады, кәсіби теориялық білімі және практикалық дағдылары игерген, халықтың денсаулығын жақсарту үшін қазіргі заманауи менеджменттің инновациялық бағыттарын ілгерілетуге қабілетті.
1. Ғылым философиясының ережелері мен категорияларын қазіргі даму кезеңінде ғылымда туындайтын негізгі дүниетанымдық мәселелерді, оның ішінде пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және бағалау үшін пайдалану
2. Жоғары оқу орындарының педагогикалық-психологиялық дағдыларын іс-тәжірибеде іске асыру, оқытудың және бағалаудың жаңа әдістерін талдау оны бағалау және оқытуда, оның ішінде шет тілінде одан әрі пайдалану үшін
3. Адам ресурстарын басқару үшін психологиялық әсер ету әдістері мен коммуникациялық байланыс құралдарын қолдану және денсаулық сақтау саласындағы жанжалды жағдайларды шешуге және үнемі кәсіби және сыни ойлау дағдыларын дамыту
4. Денсаулық сақтау ұйымдарында көмек көрсету сапасын басқару және жақсарту үшін жоспарлау, ұйымдастыру технологиясының жаңа стратегияларын жүзеге асыру
5. Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтік және пәнаралық инновацияларды ілгерілетуде көшбасшылық таныту
6. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда менеджмент құралдары мен әдістерін қолдану және денсаулық сақтау саласында сапаны дамыту үшін жобалық менеджмент қағидаттарын пайдалану
7. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау, бағалау және ықтимал қауіптер мен зерттеу мәселелерін шешу жолдарын болжау үшін ғылыми деректер қорымен жұмыс істеу кезінде ғылыми зерттеу әдістемесін пайдалану
8. Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтер мен зерттеулердің сапасын талдау кезінде заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, статистикалық деректерді өңдеу мен түсіндіруді қолдану
9. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру және кәсіпорынның ағымдағы және перспективалық қаржылық жағдайын бағалау бойынша негізделген шешімдерді қабылдау үшін қажетті медициналық ұйымның қаржылық экономикалық қызметін талдау
10. Сапаны үздіксіз басқару құралдары мен әдістеріне иелік ету, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалауды және денсаулық сақтау жүйесіндегі пациенттердің қауіпсіздігін, оның ішінде аккредиттеу жүйесі арқылы бақылауды жүзеге асыру
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарының органдары;
Денсаулық сақтауды басқару органдары;
Сапа менеджері;
Маркетинг менеджері;
Медициналық көмекті ұйымдастыру және әдіснамасы жөніндегі Менеджер;
Денсаулық сақтау саласындағы және аудандық / қалалық маңызы бар ұйымдардағы персоналмен жұмыс жөніндегі Менеджер;
Бөлімше меңгерушісі;
Құрылымдық бөлімшенің басшысы;
Аудандық/қалалық маңызы бар ұйымдарда бөлім бастығы;
Аудандық/қалалық маңызы бар ұйымдардың Байқау кеңесінің Басқарма/ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Байланыс
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұллтық Университеті
Медицина және Денсалық сақтау факультеті
Медицина жоғары мектебі
Іргелі медицина кафедрасы
050040, Алматы қаласы
Төле Би көшесі, 96
+7 (727) 377-33-33, +7 (727) 377-33-30 (қосымша 3031, 3028)
medical.school@kaznu.kz