7M02325 Филологиялық сараптама
Цель: Филологиялық сот сараптамасы саласындағы қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарында филологиялық сараптама негіздерін оқыту құқығына сәйкес кәсіби сапалы, құзыретті және бәсекеге қабілетті сарапшы-филологтарды даярлау.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Филологиялық сот сараптамасы саласындағы қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарында филологиялық сараптама негіздерін оқыту құқығына сәйкес кәсіби сапалы, құзыретті және бәсекеге қабілетті сарапшы-филологтарды даярлау.1 ОН – Философиялық-логикалық ойлауды, құқықтық сананы және құқықтық мәдениетті дамыту негізінде даулы мәтіндерді филологиялық сараптау процесінде кәсіби қызметті жүзеге асырады.
2 ОН – Сот субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, маман мен сарапшының қорытындысын бағалау критерийлерін, тілдің, құқықтың, психологияның пәнаралық зерттеу жобаларын іске асырудың ғылыми нәтижелерін ажыратады.
3 ОН – Заң жобаларының, нормативтік-құқықтық актілердің, құқықтық өріс мәтіндерінің, жарнамалық өнімдердің, тауар белгілерінің лингвистикалық және құқықтық мәселелерін әдеби тіл нормаларына сәйкес саралайды.
4 ОН – Публицистикалық және құқықтық мәтіндердің құрылымдау технологиясы мен типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық құжаттардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстар тұжырымдайды.
5 ОН – Теориялық және қолданбалы тіл білімінің ғылыми парадигмасының тұжырымдамаларын, қақтығысты мәтіндер бойынша дауларды шешуде лингвистикалық зерттеудің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдерін қолданады.
6 ОН – Жалпы және кәсіби құзыретті маман ретінде лингвоконфликтология мен сөйлеу актілерінің теориясы мен әдістемесінде филологиялық сараптама негіздерін оқытуды ұйымдастырады.
7 ОН – Дискурс-талдау әдісін, тілдік қақтығыстың прагматикалық-коммуникативті маркерлерін қолдана отырып, коммуниканттардың тілдік стратегиялары мен тактикасын білу негізінде жанжалды жағдайдың алдын алу моделін құрайды.
8 ОН – Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, дауларға неймингтік сараптама жүргізу кезінде сөйлеу авторын анықтауда акустиканың теориялық, әдіснамалық ережелерін негіздейді.
9 ОН – Бұқаралық ақпарат құралдарындағы даулы мәтіндерді, қоғамдық санаға әсер ету құралдарын, агрессияға шақырудың экстремистік материалдарын талдайды.
10 ОН – Кәсіби шет тілінде филологиялық сараптама мәселелері бойынша халықаралық конференцияларда зерттеу нәтижелерімен алмасуға қабілетті; жоғары дәйексөз индексі бар мақалалар жариялауға қабілетті.
11 ОН – Фоноскопиялық сараптамаларда қылмыстық субмәдениетке тән әлеуметтік-лингвистикалық өлшемдерді, этносаралық, дінаралық, әлеуметтік қақтығыстар бойынша БАҚ-тағы экстремистік бағыттағы мәтіндерді саралайды.
12 ОН – Пәнаралық зерттеу жобаларын іске асыруда жоспарларды, ғылыми нәтижелер мен қорытындыларды пайдалана отырып, сот істеріндегі даулы мәтіндер бойынша үлгілік мәселелерді болжайды.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Сот сараптамасының теориялық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері-5 ECTS
- Лингвистикалық конфликтология-5 ECTS
- Юрислингвистика-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау-5 ECTS
- Сот сараптамасының теориясы-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Заң шығару және құжат айналымының лингвистикалық аспектілері-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Заңнамалық құжаттардың лингвистикалық сараптамасы-5 ECTS
- Заң және халықаралық шарт жобаларына сараптама-5 ECTS
- Жалпы тіл теориясы-5 ECTS
- Лингвистикалық сараптамадағы ақпараттық технология-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Сот-лингвистикалық сараптама: әдіснама және әдістеме-5 ECTS
- Лингвистикалық сараптамадағы мәтін құрылымдарын бағалау-5 ECTS
- Сөйлеудің фоноскопиялық және автортанымдық сараптама-5 ECTS
- MASS-MEDIA экстремистік мәтіндері-5 ECTS
- Жарнама тілі және тауарлық таңбалар-5 ECTS
- Лингвокриминалистикадағы мәтінді талдау-5 ECTS
- Сот дискурсының лингвистикалық аспектілері-5 ECTS
- Заңгерлік дискурстың лингвопрагматикасы-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Байланыс
БББ бойынша құжаттар
23123123