Білім беру бағдарламасы
Су дипломатиясы және су ресурстарын басқару мен пайдалануға қатысты мемлекеттер арасында даулар, келіспеушіліктер немесе мемлекеттер арасындағы шиеленістің ықтимал себептері туындағанда мемлекеттер арасында бейбітшілік қатынастардың ынтымақтастығын орнату саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
ON 1. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ғылыми мәтіндер құру және су ресурстарын басқару және бағалау саласындағы оқу және ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар мен сараптамалық қорытындылар беру;
ON 2. Климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын басқару саласындағы заңнамалық актілер мен құжаттарды әзірлеу кезінде шешім қабылдау;
ON 3. Су мәселелерін шешу және тұрақты даму үшін СРББ енгізу кезінде ақпаратты басқару құралдарын қолдану;
ON 4. Су келіспеушіліктерін шешу үшін дипломатиялық келіссөздер жүргізу стратегиялары мен әдістерін қолдану;
ON 5. Түрлі аймақтық жағдайларда трансшекаралық су ресурстарын бөлу механизмдерін бағалау;
ON 6. Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау үшін трансшекаралық су бөлу кезінде іргелес мемлекеттердің келіспеушілігін шешу механизмдерін талдау;
ON 7. Халықаралық және аймақтық деңгейде су мәселелерін шешудің саясатын, институционалдық тетіктерін, принциптері мен құралдарын бағалау;
ON 8. Су дипломатиясының халықаралық және қазақстандық тәжірибесін талдау үщін су дипломатиясының заманауи тәсілдері мен әдістерін ажырата білу;
ON 9. Климаттың өзгеруінің су ресурстарына әсерін болжау үшін деректерді талдау және модельдеу әдістерін қолдану;
ON 10. Топтағы құндылықтарды басқару туралы халықаралық, заманауи идеяларды ескере отырып, басқарудың өзара әрекеттесуінде психология мен педагогиканың негізгі әдістемелері мен тәсілдерін қолдану;
ON 11. Қазақстан мен іргелес мемлекеттердің су экономикасының ерекшеліктері негізінде су келіспеушіліктерін реттеудің экономикалық пайдасын дәлелдеу;
ON 12. Су ресурстарын тиімді пайдалануды дамыту үшін су құқығы саласындағы жаһандық және өңірлік келісімдерді талдау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары