Баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаменті жоғары оқу орнының қызметін насихаттауға арналған іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етеді. Басқарма Төрағасы – Ректор қатысуымен өтетін іс-шараларды және шетелдік іс-сапарларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Басқарма Төрағасы – Ректордың БАҚ өкілдерімен кездесулерін, баспасөз конференцияларын, сұхбаттары мен брифингтерін ұйымдастырады.

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ – Қазақстан Журналистер одағының  мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі. Қазақстан Журналистер одағы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» және Халықаралық Жамбыл қорының «Жамбыл»  сыйлығының иегері. Президенттің Алғыс хатымен, ТҮРКСОЙ ұйымының, Еуразия Жазушылар қауымдастығының баспасөз саласындағы арнайы жүлдесімен марапатталған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Тәуелсіздік тудырған таланттар» және Қытай Халық Республикасында «Танымал әннің тарихы» кітабы жарық көрген. Республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері.

«Айқын» республикалық газетінде Мәдениет, Ақпарат бөлімдерінің меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы (Баспасөз хатшысы) қызметтерін атқарды. Қазіргі сәтте Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры (Баспасөз хатшысы).

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз хатшысы

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

+7 (727) 377-33-30, ішкі. - 3443

Әл-Фараби даңғылы 71

Видеопрезентация