2024 жылдың 21-22 ақпанында ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған "Зерттеу университетінің білім беру стратегиясы: тұрақты даму" сараптамалық стратегиялық сессиясы өтеді.
PROFESSIONAL WEEK – 2024
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕРІ»
сараптамалық стратегиялық сессиясы туралы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2024 жылдың 21-22 ақпан күндері оқытушы-профессорлар құрамын және білім алушыларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойына арналған «ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕРІ» сараптамалық стратегиялық сессиясына қатысуға шақырады.
Стратегиялық сессия мақсаты – зерттеу университетіндегі білім берудің басты құралы ғылым болып табылатын білім беру стратегиясын әзірлеу.
Міндеті - тұрақты және сапалы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ететін үздік тәжірибе мен ғылым жетістіктерін кіріктіру идеяларын ұсыну, алмасу.
Сараптамалық стратегиялық сессия аясында келесідей панелдік сараптамалық сессиялар жоспарланып отыр:
- Зерттеу университетінің білім беру бағдарламаларын жоспарлау: өзекті мәселелер және басымдықтары;
- Білім берудің цифрлық трансформациясы;
- Білім беру және оқытудағы инновациялық технологиялар;
- Инклюзивтік білім беру;
- Білім беру және оқыту сапасы: оқытушы рөлінің трансформациялануы.
Сараптамалық стратегиялық сессиядан күтілетін нәтижелер:
- кәсіби стандарттарға бағдарланған білім беру бағдарламаларының құзіреттілігін және сұранысқа ие дағдыларды ұтымды кіріктіру мақсатында кәсіби бірлестіктермен бірлесе отырып, еңбек нарығындағы өзекті әрі бәсекеге қабілетті талаптарды айқындау;
- оқытудың тең дәрежедегі қолжетімділік ұстанымын ескере отырып, білім алушылардың алуан түрлі топтарына арналған қолжетімді және ұтымды білім беру мүмкіндіктерін ұсыну мақсатында зерттеу университетінің цифрлық трансформациялану стратегиясын ұсыну;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды білім беру үдерісіне белсенді тартуға ықпал ететін білім беру мен оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін ұсыну;
- оқытудың тең дәрежедегі мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін және студенттердің түрлі қажеттіліктерін қолдау және студенттер контингентінің сан алуандығын ескере отырып, кедергісіз білім беру ортасын қалыптастырудың шешуші механизмдерін ұсыну;
- жетекшілікті/менторлықты дамыту және студенттерді қолдау, зерттеушілік қызмет атқаратын оқытушылардың белсенділігін ынталандыру, заманауи білім беру құралдарын, жаңа технологияларын жетік пайдаланатын ұстаздардың қызметі мен рөлін бағалау.
Сараптамалық стратегиялық сессия бағдарламасына сәйкес пленарлық мәжіліс, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттерінің стратегиялық топтарындағы тректар бойынша жұмыс жүргізетін сарапшылар қатысатын интерактивтік панелдік сессия өткізіледі.
Сараптамалық стратегиялық сессия қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитетінің жоспарлауымен «ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕРІ» мақалалар жинағы жарияланады. Жинақ «Қазақ университеті» баспасынан шығарылады.
Қосымша:
- ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат;
- қатысушы өтінішінің үлгісі;
- басылымға арналған материалдарды/презентацияларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Құрметпен,
Сараптамалық стратегиялық сессиясының ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат
Орны және уақыты |
Алматы қ. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби кітапханасы, 21-22 қаңтар, 2024 жыл |
Форматы
|
Аралас формат Офлайн – пленарлық мәжілістегі баяндама, секция мәжілісіне қатысу, тыңдарман ретінде қатысу, баяндама (мақала) жариялау. Онлайн – сілтеме бойынша қосылу, қашықтықтан қатысу, мақала жариялау. |
Баяндамашыларға берілетін уақыт |
7 минутқа дейін. Презентация, иллюстрациялық материалдарды пайдалануға болады |
Сессия тілдері |
Қазақ, орыс, ағылшын |
Қатысуға өтінім беру |
Қатысушы өтінімі 2024 жылдың 22 қаңтарына дейін ұйымдастыру комитетіне ұсынылуы қажет. |
Қатысушыларды тіркеу |
Офлайн – әл-Фараби кітапханасының ғимаратында QR-код бойынша; Онлайн – қатысушы өтінімінде көрсетілген электрондық поштаға Microsoft Teams бейне конференциясына шақыру сілтемесі жіберіледі. Ұсыныс: барлық қатысушылар сілтемені браузерде ашқаны дұрыс. Компьютерге қосымша жүктеудің қажеті жоқ. |
Баяндама (мақала) жариялау үшін өтінім беру:
|
Баяндаманы (мақаланы) жариялау үшін, өтінімде көрсету қажет. Ұйымдастыру комитетіне жіберілуі тиіс:
ҚазҰУ ОПҚ үшін сараптамалық стратегиялық сессияға қатысу тегін және индикативтік жоспарға бал қою барысында ескеріледі. |
Ұйымдастыру жарнасы
|
Сыртқы авторлар үшін жинақта мақала жариялау ақысы - – 1 ЕАК = 3692 теңге. Басылымның (мақаланың) максималды көлемі 4-5 бет. |
Баяндама (мақала) жариялау үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың төлем реквизиті
|
Коммерциялық емес Акционерлік қоғам «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» Индекс 050040 мекен-жайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71 БИН 990 140 001 154 КБЕ 16 АҚ "Халық банк" ИИК KZ156010131000194743 (KZT) БИК HSBKKZKX |
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары
|
8(727) 377-33-33 Ішкі тел. 12-32 – жетекші Амирбекова Гулмира Есенбековна Ішкі тел. мамандар: 31-63, 12-79, 31-64, 11-57, 31-86. |
Қосымша ақпарат |
Қонақ үйді брондау, орналасу және жол шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен жүзеге асырылады. |
- Қатысуға онлайн өтінім беруге арналған QR-код
- Онлайн өтінім беру сілтемесі: https://forms.office.com/r/jcyHwxVa4R
- Онлайн өтінім беру барысында мәселелер болған жағдайда Word форматындағы өтінімді толтыруыңызды өтінеміз.
Қатысушы өтінімі
Аты -жөні (толық) |
|
Қала, аудан, мемлекет |
|
Жұмыс, оқу орнының атауы: ЖОО, ұйым/мекеме атауы толық немесе қысқарған атауы және т.б. |
|
Жұмыс, оқу орнының мекенжайы: ЖОО, ұйым/мекеме мекенжайы жіне т.б. (мекенжай индексі көрсетілуі міндетті) |
|
Лауазымы, Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, Арнайы, құрметті атағы Ғылыми жетекшінің ғылыми атағы (студенттер, магистранттар, докторанттар және т.б.)
|
|
Е-mail (конференцияға шақыру және бағдарлама жіберу үшін) |
|
Байланыс телефоны |
|
Трек атауы және нөмері |
|
Баяндама (мақала) атауы |
|
Презентация (проектор қажет пе): ия/жоқ |
|
Материалдар жинағы қажет пе (ия/жоқ, саны) |
|
Толтырылған өтінімді төменде көрсетілген электрондық поштаның біріне жіберіңіз:
Өтінімдерді қабылдау
- Дюсенбина Инна Артуровна, сарапшы Inna.Dyussenbina@kaznu.edu.kz
- Сулейменова Гульмира Султановна, бас маман Gulmira.Suleimenova@kaznu.edu.kz
- Мәдібас Гүлзат Нұрасылқызы, бас маман Gulzat.Madibas@kaznu.edu.kz
- Алдибекова Алмагул Рахатовна, бас маман Almagul.Aldibekova@kaznu.edu.kz
Мақала/презентация материалдарын
рәсімдеу талаптары
-
Сараптамалық стратегиялық сессияға баяндауашының өзіндік зерттеулері негізінде жазылған тезистер, баяндамалар, мақалалар қабылданады.
-
Жарияланымдарда бастапқы зерттеу нәтижелерінің есептері болуы керек. Баяндама (мақала) рәсімдеу талаптары: автордың аты-жөні (бірінші автордың аты-жөні, егер қосалқы автор болса), мақала атауы, мәселен, «А.С. Искаков Кедергісіз білім беру ортасын қалыптастыру механизмдері».
-
Жарияланатын баяндама (мақала) рәсімдеу талаптары:
-
бет – А 4, кітаптық бағдар, барлық тұсынан жол жиегі – 20 мм;
-
қаріп: тип – Times New Roman, көлемі (кегль) – 12;
-
алғашқы жол – автордың аты-жөні, инициалдары (жартылай боялған курсив), ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс (оқу) орны, жақшаның ішінде қала, аудан, – оң жол жиегі бойынша теңестіріледі;
-
екінші жол – мақала атауы ҮЛКЕН ҚАРІПТЕРМЕН жартылай боялған қаріп – орта жиек бойынша теңестіріледі;
-
үшінші жол – аңдатпа (жартылай боялған курсив);
-
төртінші жол – тірек сөздер (жартылай боялған курсив);
-
бесінші жол – Word редакторында терілген негізгі мәтін: жоларалық интервал – 1, азат жолдан шегініс – 1,25 см; теңестірілу – ені бойынша; автоматты түрде тасымалдау өшірілген;
-
әдебиеттер тізімі ГОСТ7.1-2003 сәйкес рәсімделеді. Әдебиеттер тізімі мәтінде берілген ретіне сәйкес араб сандарымен нөмірленеді, нүкте қойылмайды және азат жолдан жазылады. Мәтіндегі әдебиетке сілтеме міндетті түрде келесідей рәсімделуі қажет: [3], сан әдебиеттер тізіміндегі нөмерді көрсетуі тиіс.
Мәтінде кездесетін шартты белгілер және қысқартулар мәтінде кездесу ретіне сәйкес берілуі қажет.
Мәтін көлемі 5 беттен аспауы тиіс.
Автор мақала мазмұны және ұсынылған ақпараттың дәлелділігі үшін жауапкершілік алады.
Ұйымдастыру комитетінің мазмұны бекітілген талаптарға сәйкес емес рәсімделген баяндамаларды жариялаудан бас тарту құқы бар.
-
Баяндамашылардың презентациясы университет сайтында жарияланады. Баяндамалар бірегей зерттеу жұмыстарының негізінде әзірленуі тиіс, сонымен қатар иллюстрациялық материал жалпыға ортақ қабылданған және көруге ыңғайлы форматта болуы тиіс (қаріп 18 кегл). Презентация форматы: Power Point, слайда көлемі, кең экранды 16:9.
Мақалаларды және PDF форматындағы антиплагиат анықтамасын 2024 жылдың 22 қаңтарына дейін төмендегі электрондық пошталардың біріне жіберу қажет:
-
Дюсенбина Инна Артуровна, сарапшы Inna.Dyussenbina@kaznu.edu.kz
-
Сулейменова Гульмира Султановна, бас маман Gulmira.Suleimenova@kaznu.edu.kz
-
Мәдібас Гүлзат Нұрасылқызы, бас маман Gulzat.Madibas@kaznu.edu.kz
-
Алдибекова Алмагул Рахатовна, бас маман Almagul.Aldibekova@kaznu.edu.kz
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Зерттеу университетін дамытудың заманауи тенденциялары» сарапшылық-стратегиялық сессиясы өтті.