Химия және химиялық технологиялар
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің химия және химиялық технология факультетіне түсіп, алғаш химия ғылымы әлеміне енген студенттерді қабылдаушы кафедра болып табылады. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану, медицина және денсаулық сақтау, механика-математика және физика-техникалық факультеттерінің студенттеріне де химия, жалпы химия, бейорганикалық химия және бірнеше базалық пәндерден сабақ береді.
Кафедра меңгерушісі
Ниязбаева Алмагул Иембердіқызы
Кафедра байланыстары
Кафедра тарихы
Химия факультетінің алғашқы кафедрасы жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы болып табылады. Профессор А.С. Мазуренко, доценттер С.Д. Рождественский және И.Я. Григоренко химия факультетінің бірінші тыңдаушыларына дәріс оқыған. 1935 жылы кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін кафедраны доцент Ә.Б.Бектұров (кейінненҚазССР ҒАакадемигі) басқарған, сонымен қатар химия факультетінің деканы болды. Алғашқы жылдары кафедрада дәріс оқып, зерттеу жұмыстарын жүргізген үш қызметкер болды: - Ә.Б.Бектұров, Б.А.Бірімжанов және лаборант Н.И.Колпаковская.
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы 1971 жылы жалпы химия (Х.Д.Молдағалиев, Ү.Ф.Омарова, Н.Е.Снегирева, С.Т.Омаров, В.П. Крученко, И.И.Цыганкова және т.б.) және бейорганикалық химия (Б.А.Бірімжанов, Л.А.Кадушкина, Р.Ф.Наймушина-Савич, М.А. Ибрагимова, Ю.А.Покровская, О.Ю.Моисеевич, М.К.Төрешева, Н.Н.Нұрахметов, М.Б.Мұратбеков, М.Р.Танашева, Г.П.Кияткин, Г.С.Қуанышева, К.К.Тоқсейітов, Г.М.Секунов, Г.Д.Зоров, М.С.Қазымбетова, А.А. Петрова, С.С. Болибок, Г.Д. Чиркова, Л.И. Плескач, Ф.А. Әмірғалиева, К.А. Косогорова, Л.Г. Дриллер, Г.А. Коршунова, Т.Г. Трегубенко) болып екі кафедраға бөлінді.
Ә.Б.Бектұровтың ҚазССР ҒА-ның химия ғылымдары интитутына ауысуына байланысты,1954 жылдан өмірінің соңына дейін химия факультетің және бейорганикалық химия кафедрасын химия ғылымдарының докторы, профессор, ғылымға еңбек сіңірген, ҚазССР ҒА-ның корреспондент мүшесі Б.А.Бірімжанов (1911-1985жж) басқарады. Осы жылдар арасында химия факультеті Қазақстандағы жетекші оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Б.А.Бірімжановтың ұсынысы және қолдауы бойынша факультетте 6 жаңа кафедра және ғылыми зерттеу лабораториялары ашылды. Оның ғылыми-педагогикалық, ұйымдастырушы және қоғамдық қызметтері жоғары бағаланды. Б.А.Бірімжанов Ленин, Халықтар Достығы, Құрмет белгісі ордендерімен,6 медалмен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Б.А.Бірімжановтың жетекшілігімен кафедра оқытушылары Қазақстанда Химия оқулықтарын қазақ тіліне аудардып, химия терминологиясын және атауларын қазақ тілінде баспадан шығарды. Б.А.Бірімжанов., С.Т.Омаров., Х.Д.Молдағалиевтар химия оқулықтарының алғашқы аударушылары болды. Б.А. Бірімжанов 1962 жылы ЖОО-дардағы студенттерге арнап жалпы химиядан бірінші оқулықты жазды, 1970 және 2001 жылдары қайтадан баспадан шығарылды. 1977 жылы Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов және М.Б.Мұратбековтің ЖОО арналған «Жалпы және бейорганикалық химияның теориялық кіріспесі» атты оқулық баспадан шықты.
1985 - 1994 жылдар аралығында кафедраның меңгерушісі ЖМ ҒАМ академигі, ғылым, техника және білімсаласы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001 ж), химия ғылымдарының докторы, профессор Н.Н.Нұрахметов болды. Профессор Н.Н.Нұрахметов кафедра қызметкерлерімен бірге жалпы «Амидқышқылдар» деп аталатын күрделі органикалық катиондары бар жаңа тұздар класының теориялық және практикалық негізін құрды.
1994 - 1997 жылдар аралығында кафедраны химия ғылымдарының докторы, профессор Р.Ш.Еркасов басқарды. Бұл кезеңде «Төрт компонентті жүйеден үштік, төрттік координациялық қосылыстарды алудың физика-химиялық негіздері» өңделді, сонымен бірге осы қосылыстардың құрылысы мен құрамы анықталды.
1997 - 2009 жылдарда бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі химия ғылымдарының докторы, профессор М.М.Бүркітбаев болды. Проф.М.М.Бүркітбаевтың жетекшілігімен «Табиғи наноматериалдар негізінде композициялық материалдар және жаңа сорбенттер алу» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар, ластанған аймақтағы радиациялық жағдайлар зерттелді. 2007 жылы Семей полигонындағы радиоэкологиялық жағдайларды зерттеу жұмыстарындағы ерен еңбегі үшін проф. М.М.Бүркітбаевқа «Бейбітшілік үшін ғылым» атты НАТО бағдарламасы бойынша ғалымдар арасында Халықаралық сыйлығы берілді.
Гранттық және шетелдік жобалар
Құжаттама
22 мб, pdf