Биология және биотехнология факультеті

Биотехнология кафедрасы

Қазақстан Республикасында биотехнология кафедрасы – биотехнолог мамандарды даярлау мен биохимия, микробиология жəне микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы, экологиялық биотехнология, биоинформатика мен экожүйелерді моделдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп отырған алғашқы жəне қазіргі таңдағы жалғыз кафедра.

Толығырақ
Қыстаубаева Аида Серікқызы

Кафедра меңгерушісі

Қыстаубаева Аида Серікқызы

Кафедра байланыстары

+7(727)377 33 33, (12-67)

 әл-Фараби даңғылы, 71, БОҒ 3

Кафедра тарихы

Кафедра 1938 жылы 15 қаңтарда «Өсімдіктер физиологиясы және микробиология» кафедрасы болып ашылды. 1947-1999 жылдар аралығында кафедра «Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы» болып, ал 1999 жылдан бастап «Биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы» деп аталады. 1972 жылы кафедра екіге бөлініп, жаңа микробиология кафедрасы пайда болды. 2011 жылы биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы және микробиология кафедрасының негізінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінде биотехнология кафедрасы құрылды.

   Қазақстан Республикасында биотехнология кафедрасы – биотехнолог мамандарды даярлау мен биохимия, микробиология жəне микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы, экологиялық биотехнология, биоинформатика мен экожүйелерді моделдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүргізіп отырған алғашқы жəне қазіргі таңдағы жалғыз кафедра.

   Қазіргі таңда биотехнология кафедрасының ұжымы: 13 доктор, 16 ғылым кандидаты, 3 философия докторы (PhD), 10 оқу-көмекші құрамынан тұрады. Ғылыми зерттеулерді орындауға докторанттар, магистранттар, бакалавр студенттері белсенді араласады.

   Кафедрада келесі бағыттар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде:

  • Өсімдіктер, микроорганизмдер және микробалдырлар физиологиясы, биохимиясы, биотехнологиясы және экологиясы.
  • Фототрофты микроорганизмдердің биоэнергетикасы және биотехнологиясы.
  • Қоршаған орта объектілерін бағалау үшін топырақ пен су биоценоздарын зерттеу.
  • Сыртқы орта объектілерін  бағалауға биотехнологиялық тәсілдерді құрастыру.
  • Ластанған экожүйелердің фито және биоремедиациясының биотехнологиялық принциптері.
  • Ластанған топырақ пен су қоймаларын ремедиациялау үшін өсімдіктер мен микроорганизмдер негізінде биопрепараттар жасау биотехнологиясы.
  • Микроорганизмдер мен микробалдырлар негізінде пробиотикалық әсер ететін биопрепараттар жасау биотехнологиясы.
  • Эфферентті-белсенді препараттарды жасау биотехнологиясы.
  • Тағамдық биотехнология. Жаңа тамақ өнімдерін жасау.
  • Биоинформатика, геномика, протеомика.

      

     

      

 

БИОТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

В050 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар – бакалавриат:

6B05101 – Биологиялық инженерия (ағылшын тілінде): Биоинже- нерия саласындағы мамандардың қызметі: өзгертілген табиғи және жасанды ағзаларды алу және қолдану, геномдық және протеомиялық талдау; аурулардың молекулярлық диагностикалау әдістерін әзірлеу; жасушалық культуралардан негізінде препарат алу.

6B05103 – Биотехнология, Биотехнология (НЗМ): Биотехнолог- тар тамақ және фармакологиялық өндірістерде, сертификациялық, экологиялық және зерттеу зертханаларында технолог, инженер, ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істей алады.

6B05107 – Микробиология: Микробиологтар микробиолог тех- нолог, дәрігер-зертханашы, санитарлық сарапшы, тамақ және фармакологиялық өндірістерде, сертификаттау және зерттеу зертха- наларында, денсаулық сақтау органдарында жұмыс істей алады.

7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар – магистратура:

M082 – Биотехнология – 7M05109: Магистратураны бітіргеннен кейін қайта өңдеу, микробиологиялық, өнеркәсіптік және фармацев- тикалық өндірістердің өнеркәсіп-тік кәсіпорнындарында және зертха- наларында жұмыс жасай алады.

M082 – Фитобиотехнология – 7M05108: Фитобиотехнологтың қызмет саласы: ғылыми-зерттеу жұмысы арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы дақылдарының жоғары өнімді жаңа сорттарының шығару маман; ғылыми қызметкер; өсімдіктер селекциясында, өсімдік шаруашылығында; фитофармакологияда дәрі-дәрмек немесе тағамдық қоспалардың құрамын және өндіру технологиясын әзірлеу фито-фар- маколог.

7М05117-Экологиялық биоинженерия. Экология, табиғатты қорғау органдары, сумен жабдықтау және су бұрумен айналысатын компаниялар, энергетикалық компаниялар мен қалдықтарды басқару компаниялары, инженерлік фирмалар және ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік мекемелерде жұмыс істеу үшін жоғары білікті кадрларды даярлау.

7М05116 Микробиология - бағдарлама микробиологиялық-биотехнологиялық сектордың тауарлары мен қызметтерін әзірлейтін және өндіретін ғылыми, өндірістік, диагностикалық және медициналық орталықтарда, сондай-ақ тамақ және фармацевтика өнеркәсібінде жұмысқа орналасу мүмкіндігімен өнеркәсіптік, фармацевтикалық, медициналық және экологиялық микробиология саласында тиімді жұмыс істеуге және бәсекеге қабілетті білікті маман даярлауға бағытталған.

7М05114 – Вирусология: Білім беру (мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындарында және басқа да оқу орында- рында вирусологиялық және биологиялық пәндерді оқыту).

8D051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар – докторантура:

D082 – Биотехнология – 8D05105: Биотехнология мамандығы бой-

ынша білім беру бағдарламасын табысты меңгерген докторанттар халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар болады және өзін: ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлер; жоғары оқу орындарындағы оқытушылар.

8D05110-Вирусология: Білім беру (мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі жоғары оқу орындарында және басқа да оқу орында- рында вирусологиялық және биологиялық пәндерді оқыту).

8D05111-Микробиология - Микробиологиялық талдаудың теориялары мен молекулалық биологиялық, биотехнологиялық әдістерге байланысты зерттеу салаларындағы, биологиялық, медициналық, экологиялық, ветеринариялық және ауылшаруашылық бейіндегі мемлекеттік ұйымдар, фирмалар, кәсіпорындар, компаниялар мен мекемелер үшін микробиологтардың ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық және басқару қызметін жүзеге асыруға қабілетті, қазіргі заманғы пәнаралық негіздегі білімге ие, ЖОО оқытушысы, халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми кадрларды даярлау.

8D05112-Экологиялық биоинженерия бағдарламасы экология, табиғатты қорғау органдары, сумен жабдықтау және су бұрумен айналысатын компаниялар, энергетикалық компаниялар мен қалдықтарды басқару компаниялары, инженерлік фирмалар және ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік мекемелерде жұмыс істеу үшін жоғары білікті кадрларды даярлайды, ЖОО оқытушысы. Экологиялық биоинженерия білім беру бағдарламасының түлектері химия, фармацевтика, су мен ағынды суларды тазарту, тау-кен өндірісі және өндіріс сияқты көптеген салаларда жұмыс істей алады және қауіпті қалдықтарды жоюға, ауаның ластануымен күресуге, нысандарды жоспарлауға және қоршаған ортаны қорғау бойынша кеңес беруге қатыса алады.

Гранттық және шетелдік жобалар

Оқытушы Нармуратова М.Х. оқу курстарының дәрістері
PDF форматындағы оқу және ғылыми материалдар, презентациялар
Кәсіби қызмет бойынша ПОҚ жаппай ашық онлайн курстарда оқыту
Цианобактериялар негізінде биосутегін алу технологиясы (ТДМ 7. Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің барлығы үшін жаппай қолжетімділігін қамтамасыз ету)
Өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін кешенді биопрепараттар әзірлеу үшін органикалық қалдықтарды өңдеу (ТДМ 15: Құрлық экожүйелерін сақтау)
Аға оқытушы Ф.К. Сарсекееваның дәрістер мен зертханалық сабақтар курсы
Доцент Г.И. Ерназарованың дәрістер курсы
Доцент Г.И. Ерназарованың зертханалық сабақтар курсы
Доцент Абдиева Гүлжамал Жанәділқызының дәрістер курсы
Доцент Абдиева Гүлжамал Жанәділқызының зертханалық сабақтар курсы

Құжаттама

Пәндер каталогы "8D05110-Вирусология" PhD

22 мб, pdf

Білім беру бағдарламары

22 мб, pdf