Farabi University

Биология және биотехнология факультеті

Зоология, гистология және цитология кафедрасы

Зоология, гистология және цитология кафедрасының оқу бағдарламалары: 6В05102 – Биология (ғылыми), биология (НЗМ). 6В08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық шаруашылығы. 6В08402 – Акваөсіру және су биологиялық ресурстары. 6В05110 – Зоология M080 – Биология (ғылыми) – 7M05101. M134 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық шаруашылығы – 7M08401. 7M08402 – Акваөсіру және су биологиялық ресурстары. 7M05118 – Зоология D080 – Биология – 8D05101. D134 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау – 8D08401.

Толығырақ
Кегенова Гулнар Болатовқызы

Кафедра меңгерушісі

Кегенова Гулнар Болатовқызы

8(727)377-33-34, вн. 1212

Gulnar.Kegenova@kaznu.edu.kz

 

Кафедра байланыстары

8(727) 377-33-34, ішкі (12-12).

Кафедра мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы 71, Ғимарат БОҒ-6

Кафедра тарихы

1934 жылы 15 қаңтарда зоология кафедрасының ресми ашылуы Қазақ мемлекеттік университетінде болды.

Осы жылдар ішінде кафедраны көрнекті ғалымдар мен оқытушылар басқарды: КСРО Ғылым академиясының академигі, б.ғ.д., профессор А.Н. Бартенев (1934-1936, 1939-1945); ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, б.ғ.д., профессор Б.А. Домбровский (1937-1939); б.ғ.д., профессор А.С. Космачевский; м.ғ.д., профессор П.О.Исаев; б.ғ.д., профессор А.А. Емельянов; аға оқытушы В.С. Бажанов; КСРО Ғылым академиясының академигі, б.ғ.д., профессор В.А. Догель; б.ғ.д., профессор. И.Г.Галузо; б.ғ.д., профессор Н.З. Хусаинова; б.ғ.д., профессор В.А. Хахлов; б.ғ.д., профессор В.В. Шевченко; б.ғ.к., доцент М.Қ. Жұмалиев; б.ғ.д., профессор В.П. Митрофанов; б.ғ.к., А.Ф.Сидорова; б.ғ.к., доцент М.Е.Ділмұхамедов; б.ғ.к., доцент Қ.Б. Олжабекова, биология ғылымдарының докторы, профессор И.С. Көлбай, б.ғ.д., профессор С.Т. Нұртазин. 2002-2006 жж., б.ғ.к., доцент Қ.Б. Олжабекова кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. 2006-2007 жж. кафедра меңгерушісі қызметін б.ғ.д., профессор И.С. Көлбай атқарды.

2007 жылдың қыркүйегінде Ғылыми кеңестің шешімімен зоология және ихтиология кафедрасы цитология және гистология кафедрасымен біріктірілді. Жаңа құрылым зоология және гистология кафедрасы деп аталды. 2007-2011 жылдар аралығында биология ғылымдарының докторы, профессор С.Т. Нұртазин кафедра меңгерушісі болып сайланды. Бұл бірігуге зерттеудің ортақ бағыттары, сондай-ақ цитология және гистология кафедрасының зоология кафедрасынан бөлініп шығуы тарихи себеп болды.

2011 жылы тағы бір біріктіру орын алды: Зоология және гистология кафедрасы, Ботаника және экология кафедрасымен біріктіріліп, нәтижесінде Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы құрылды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушілері:

  • 2011–2014 – биология ғылымдарының докторы, профессор С.С.Айдосова;
  • 2014–2016 – биология ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Қанаев;
  • 2016–2023 – биология ғылымдарының докторы, профессор М.С. Құрманбаева;
  • 2023–2024 – PhD, аға оқытушы Г.Б. Кегенова;
  • 2024–2025 – PhD, доцент А.С. Нұрмаханова.

2025 жылы Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы екі жеке кафедраларға бөлінді:

  • Ботаника және агроэкология кафедрасы;
  • Зоология, гистология және цитология кафедрасы.

Қазіргі уақытта зоология, гистология және цитология кафедрасының меңгерушісі болып,  PhD, аға оқытушы Г.Б. Кегенова тағайындалды.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

Модульды каталог «6В05102-Биология»

22 мб, pdf

Модульный каталог ОП 7M05101 -Биология

22 мб, pdf

Зоология ақпарат

22 мб, pdf