Шығыстану факультеті

Қытайтану кафедрасы

Қытайтану кафедрасында тәжірибелі профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, аға оқытушылар жұмыс істейді. Кафедра оқытушылары біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын өз мамандықтарына сәйкес тілдік, ғылыми тағылымдамадан өтеді. Сондай-ақ, кафедра жыл сайын Қытайдан түрлі шарттар бойынша жоғары деңгейдегі мамандарды қабылдайды. Бүгінгі таңда қытайтану кафедрасы Қытайдың бірқатар университеттерімен, соның ішінде Пекин университетімен, Пекин Тіл және мәдениет университетімен, Минцзу Қытай университетімен, Хуадун педагогикалық университетімен, Фудан университетімен, Ланьчжоу университетімен, Сиань мұнай университетімен, Шыңжаң педагогикалық университетімен, Нанчан университетімен ынтымақтасады. Конфуций институтының негізінде кафедра Қытай мемлекеттік кеңсесімен ("Ханбан") тығыз байланыста. "Ханбан" кафедраны қытай тілі бойынша оқулықтармен, оқу құралдарымен, ғылыми және оқу материалдарымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ жыл сайын кафедраға қытай тілі бойынша мамандарды жібереді. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары Қытайдың жоғары оқу орындарында ғылыми және тілдік тағылымдамадан өтеді.

Толығырақ
Оразақынқызы Фарида

Кафедра меңгерушісі

Оразақынқызы Фарида

Тел.: 87014070567

E-mail: Farida.Orazakynkyzy@kaznu.edu.kz

Кафедра байланыстары

Қарасай Батыр 95, 412 кабинет
377-33-30 ішкі 18-00

Кафедра тарихы


       Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары Қиыр Шығыс елдері, оның ішінде Қытай мемлекеттерінің тілі мен әдебиеті, тарихы, мәдениеті, экономикасы, саясаты және Қазақстан республикасымен арадағы байланыс мәселелеріне бағытталған. Бүгінгі таңда қытайтану кафедрасы тұрақты білім беру қауымдастығы ғана емес, сонымен қатар қытайтанудың түрлі саласында зерттеулер мен ғылыми жобаларды жүргізіп отырған ғылыми орталық.

      Қытайтану кафедрасында Қытай тарихы, мәдениеті, діні мен философиясы, қытай филологиясы мен әдебиеті, лингвомәдениеттану және басқа да бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

          Кафедра студенттерінің әртүрлі деңгейдегі ғылыми-шығармашылық конференцияларға қатысып, өздерінің ғылыми ізденістерін жетілдіруіне мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар студенттер Республикалық, Орта Азия және ТМД мемлекеттері деңгейінде өтетін түрлі тілдік олимпиадалар мен конференцияларға қатысып тұрады. Бүгінде қытайтану кафедрасы ҚХР-дың бірқатар жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Пекин университеті, Пекин тілдер университеті, Пекин Орталық Ұлттар университеті, Хуадунь педагогикалық университеті, Фудань университеті, Ланьчжоу университеті,  Сиань мұнай университеті, Шыңжаң Педагогикалық университеті, Нанчан университеттерімен байланыс жасайды.


Кафедраның халықаралық байланыстары

        Кафедраның халықаралық байланыстары өте ауқымды. Соңғы жылдары кафедраның халықаралық қатынастары түрлі бағытта дамып, нығая түсуде. ҚазҰУ мен ҚХР-ның Шаңхай, Ланжоу, Шыңжаң университеттерімен екі жақты келісімге қол қойылған. Қытайтану кафедрасының Қытайдың түрлі оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен, мемлекеттік және бизнес құрылымдарымен қарым-қатынастарының нығая түсуі кафедраның оқу-ағарту, ғылыми бағыттағы қызметін жақсарта түсуге өз септігін тигізуде.Еліміздегі ірі қытай-қазақ компанияларымен арадағы байланыс та жылдан-жылға дамып келеді. Қытай Ұлттық мұнай компаниясының, ҚР Қытай банкінің, «Азия газ құбыры» компаниясының өкілдері кафедра студенттері мен магистранттарына түрлі тақырыпта дәрістер оқиды, оқыту бағдарламаларын түзуге ат салысады, өндірістік тәжірибелерді өткізуге қатысады.

       Қазіргі кезде кафедрада жалпы саны  30 – дан аса оқытушы профессар құрамы қызмет атқаруда. Кафедрада «шығыстану», «шетел филологиясы», «аударма ісі» мамандықтары бойынша бакалавриаттың 230 астам студенті, 11 магистрант пен 8 PhD докторант білім алуда.  2016 жылдан бастап кафедра «аймақтану» мамандығы бойынша студенттер қабылдауды бастады.  Оқу үрдісінің материалды-техникалық базасын компьютер сыныптары, лингафон кабинеті, аудио- және видеотехникасы (проекторлар, магнитофондар) құрайды.

     Кафедра құрылғаннан бері кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ондаған оқулықтарды, хрестоматиялар, монографиялар, сөздіктер мен жүздеген ғылыми мақалаларды баспадан шығырды. Кафедра оқытушылары сонымен қатар жыл сайын өтетін республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық және әдістемелік конференциялардың тұрақты қатысушылары болып табылады.  Кафедрада студенттерге арналған «Жібек жолы» үйірмесі жұмыс істейді. Аталмыш үйірме студенттерді ғылымға баулып қана қоймай, қоғамдық өмірге да тартып, түрлі қызықты шараларды ұйымдастырып өткізуде.  

      Қытайтану кафедрасын бітірушілер қазіргі таңда еліміздің түрлі оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, сыртқы істер министрлігінде, түрлі мемлекеттік қызметтерде, шетелдік компанияларда табысты қызметтер атқаруда.


БІЗДІҢ МАҚТАНЫШ - ТҮЛЕКТЕРІМІЗ 


Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы 33 адам, оның ішінде:

-2 ғылым докторы, профессор;

-3 ғылым кандидаты;

-3  доцент;

-3 доцент м.а.;

- 8  философия докторы (PhD);

- 16- аға оқытушы;

- 9 оқытушы.

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ 2022 – 2023 оқу жылына арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

22 мб, pdf

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ 2022-2026 жж.

22 мб, pdf

Ғылыми -инновациялық жұмыс бойынша кафедра меңгерушісі орынбасарларының қызметтік Нұсқаулық

22 мб, pdf

Қытайтану кафедрасы меңгерушісінің қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Оқу ісі бойынша кафедра меңгерушісі орынбасарының қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Профессордың қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Доценттің қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Аға оқытушының қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Оқытушының қызметтік Нұсқаулығы

22 мб, pdf

Бакалаврдың оқу жоспары

22 мб, pdf

Магистратураның оқу жоспары

22 мб, pdf

ОПҚ шетелдік тағылымдама сертификаттары

22 мб, pdf

ОПҚ ғылыми жоспар

22 мб, pdf

семинар жоспары

22 мб, pdf

жас ғалымдар жоспары

22 мб, pdf