Халықаралық қатынастар факультеті

Дипломатиялық аударма кафедрасы

Кафедраның мамандануы халықаралық қатынастар факультетінің ерекшелігін бейнелейді: шет тілдерді оқу оқытылатын мемлекеттің саяси және мемлекеттік құрылымын, оның тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін үйренумен тығыз байланысты. Дипломатиялық аударма кафедрасы еңбек нарығындағы сұранысқа сай, халықаралық қатынастар саласындағы аудармашы мамандарды даярлайды. - 2019 - жылдан бастап пәнаралық оқу жоспары әзірленіп, магистратурада «7М02304»-«Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» жаңа мамандық ашылды. - 2021 жылы бакалавриатта «6В02311 - Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» мамандығы бойынша жаңа оқу бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаның мақсаты – заманауи аударма ісінің жаңа бағыттары туралы түсініктері және жұмыс берушінің талаптары мен қоғам қажеттіліктеріне сай келетін кәсіби құзыреті бар, екі немесе одан да көп тілдерді қолдана отырып, ірі халықаралық конференциялар шеңберінде көпшілік алдында сөйлеген сөздерін сапалы аударуды жүзеге асыруға қабілетті халықаралық және құқықтық қатынастар саласындағы жоғары білікті аудармашыларды даярлау. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында әлемнің аударма саласы бойынша үздік университеттерінің білім беру бағдарламалары басшылыққа алынды.

Толығырақ
Сейдикенова Алмаш Смайылқызы ф.ғ.к., профессор м.а., Фрибург университетінің (Швейцария) түлегі

Кафедра меңгерушісі

Сейдикенова Алмаш Смайылқызы ф.ғ.к., профессор м.а., Фрибург университетінің (Швейцария) түлегі

Кафедра байланыстары

Кафедра тарихы

2017 жылдан бастап дипломатиялық аударма кафедрасы жаңа бағытта дами бастады. Оған себеп университет ректоры тапсырмасымен аталған кафедрада «ілеспе-аудармашы» мамандарын даярлау міндеттелді және магистратура бағыты бойынша «Аударма ісі» мамандығы ашылды. Кафедра оқытушылары тез арада жаңа бағдарламалар жасауға атсалысты. Шетелдік жоғары оқу орындарының бағдарламаларын зерттеп, әлемдік стандартқа сай мамандар даярлау мақсатында аударма саласы бойынша үздік деп танылатын  Женева (Швейцария)  «Ауызша және жазбаша аударма» факультеті, Бирмингем,  Ұлыбритания  университетінің «Заманауи тілдер және аударма ісі» департаменті, Пуатье университеінің «Тілдер және аударма зерттеулері» факультеті, Санкт-Петербург Жоғары аударма мектебімен   байланыс орнатылып, білім беру бағдарламаларына талдау жүргізілді. Нәтижесінде, Пуатье университетімен (Франция) өзара бірлескен бағдарлама жасалды және студенттер бір семестр көлемінде аталған университетте Эразмус бағдарламасы бойынша білім алып қайтты.

 - 2019 жылдан бастап пәнаралық оқу жоспары әзірленіп,  магистратурада «7М02304»-«Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» жаңа мамандық ашылды.

- 2020 жылдың ақпан айында  кафедра жанынан «Мәдениетаралық қарым-қатынас және аударма зерттеулері» халықаралық орталығы ашылды.

- 2021 жылы бакалавриатта «6В02311 - Халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» мамандығы бойынша жаңа оқу бағдарламасын  әзірледі.

Қазіргі таңда кафедрада 7 тіл (ағылшын, француз, неміс, араб, қытай, испан, итальян) бірінші және екінші шет тілі ретінде оқытылады. Студенттердің екінші тілді таңдау өз еркінде, сондай-ақ, ағылшын тілін жетік меңгерген, арнайы мектептерді бітірген және халықаралық сертификаты  IELTS 6.0 -ден кем   емес нәтижесі бар студенттер үшін арнайы топта пәннің бәрін ағылшынша оқуға, сонымен қатар, жеті тілдің біреуін бірінші тіл ретінде оқу мүмкіндігі қарастырылған.

Гранттық және шетелдік жобалар