"Қаржы" ББ 3 курс студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде
2025 жылғы 15 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне оқу-танымдық экскурсия жасады. Экскурсияға топ кураторы — Кыздарбекова А.С. бірге барды.
Іс-шара Алматы қаласындағы тарихи орындарды насихаттау және студенттердің мәдени танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Музейге бару сапары Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асырылуымен үндеседі: ТДМ 4 – «Сапалы білім беру», студенттердің мәдени, тарихи және кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған; ТДМ 11 – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», қоғамның үйлесімді дамуы үшін мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын айқындайды.
Музейге бару студенттердің ұлттық бірегейлік туралы түсінігін тереңдетіп, ел тарихына қызығушылығын арттыруға және болашақ қаржыгерлердің мәдени сауаттылығын дамытуға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар