ТДМ 11. «Ер есімі – ел есінде»Farabi University

ТДМ 11. «Ер есімі – ел есінде»

16 қараша, 2025

«Ер есімі – ел есінде» тарихи-танымдық саяхаты Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының (1910–1982) туғанына 115 жыл толуына орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары ТДМ 4–11 аясында батырдың өмірі мен ерлігіне арналған «Ер есімі – ел есінде» атты тарихи-танымдық саяхатқа қатысты. Саяхат 28 панфиловшылар саябағында өтті. Тыңдаушылар Бауыржан Момышұлының жауынгерлік жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, елдік пен ерлік, намыс пен патриотизмнің мәнін терең сезінді. Іс-шара барысында қатысушылар 28 панфиловшылардың ержүрек рухына тағзым етіп, Мәңгілік алау алдында гүл шоқтарын қойып, ескерткіш жанында естелік суретке түсті.

Бұл іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық қаһарманның өмірі мен ерлігі арқылы Отанды сүю, ерлікке, адалдық пен білімге ұмтылу сынды қасиеттерді дарыту.