ТДМ 4: «Сапалы білім беру»Farabi University

ТДМ 4: «Сапалы білім беру»

19 қараша, 2025

Тұрақты даму Мақсаты 4 «Сапалы білім беру» аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Экология» мамандығының 1-курс студенттерімен тақырыптық сабақ өтті. Іс-шара орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Қайырбек М.Н. жетекшілігімен өтті.

Кездесудің басты мақсаты – болашақ экологтардың кәсіби қалыптасуының негізі ретінде сапалы білім берудің маңызын ашу болды.

Қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мамандарды экологиялық сын-қатерлерге тиімді жауап бере алуға, инновациялық шешімдер енгізуге және қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға даярлау ісінде білім беру жүйесінің рөлі айрықша.

Студенттер өздерінің аналитикалық баяндамаларын ұсынып, білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейі, заманауи оқу материалдарының қолжетімділігі және зерттеу қызметіне белсенді қатысудың маңызын атап өтті. Олар сапалы білім экологиялық ойлау қабілетін қалыптастырып, экологиялық үдерістерді сыни тұрғыдан бағалауға және тұрақты даму жолдарын іздеуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

Оқытушы Қайырбек М.Н. білім беру үдерісі тек ақпараттық қана емес, сонымен қатар ынталандырушы болуы керектігін айтты. «Сапалы білім — бұл жай ғана деректер жиынтығы емес, ойлануға, зерттеуге және әлемді өзгерте алатын шешімдер жасауға мүмкіндік», — деп атап өтті. Іс-шарада студент пен оқытушы арасындағы ашық диалогқа ерекше көңіл бөлінді. Еркін пікірталас барысында бірінші курс студенттері экологиялық білімнің дамуы жөніндегі идеяларымен бөлісіп, әлемдік ғылымдағы өзекті үрдістер туралы сұрақтар қойып, жастардың Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлі туралы ой алмасты.

Осындай шаралар студенттердің білімін кеңейтіп қана қоймай, болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыра түседі және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

 

 

Қайырбек М.Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ