БҰҰ-ның ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясында ҚР ІІМ Кинология орталығындағы тәжірибелік оқу-сабақтарыFarabi University

БҰҰ-ның ТДМ 4 «Сапалы білім беру» аясында ҚР ІІМ Кинология орталығындағы тәжірибелік оқу-сабақтары

19 қараша, 2025

 

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты 4 «Сапалы білім беру» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің «6В04205 – Құқықтану» және «6В12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының студенттері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинология орталығында өткізілген тәжірибелік оқу-сабақтарына қатысты. Іс-шара PhD докторы Қ. Аратұлының қатысуымен ұйымдастырылды.

Студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, тәжірибе-бағдарланған білім беруді нығайту және болашақ заңгерлер мен құқық қорғау қызметкерлеріне қажетті құзыреттерді қалыптастыру мақсат етілді.

Сабақ барысында студенттер ішкі істер органдарының кинологиялық бөлімшелерінің қызметімен танысты. Орталық мамандары қызметтік иттердің жұмысын, оларды даярлау әдістерін, дәлелдемелерді іздестіру және қылмыстарды ашу кезіндегі қолданылуын көрсетті. Практикалық жұмыс студенттерге құқық қорғау органдары қызметінің нақты тетіктерін көріп, мамандарға сұрақтар қоюға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Тәжірибелік сабаққа «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларының студенттері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ ҚР ІІМ Кинология орталығының мамандары қатысты.

«Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттерге кәсіби қызметті ішінен көруге және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласына қажетті құзыреттердің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретін сапалы білім берудің маңызды элементі болып табылады», — деді PhD докторы Қ. Аратұлы.

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамыту және білім сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Тәжірибелік оқу-сабақтарының өткізілуі заманауи қоғам жағдайында тиімді жұмыс істей алатын, мемлекет қауіпсіздігі мен азаматтардың әл-ауқатына үлес қоса алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.