180 жылдық мерейтойына орай алматылық студенттерге көшбасшылық дәріс
Университетіміздің оқытушысы, тілтанушы Арғынбек Құнанбайұлы қазақ руханиятының алтын діңгегі саналатын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай алматылық студенттерге көшбасшылық дәріс өткізді.
Абайтану дәрісі үш апта бойы ҚБТУ ғимаратында талапты жастардың басын қосқан, халық университетінің ізін жалғаған шарапатты шара есебінде есте қалды. Дәрістің діттемі – Абайдың алымды ақылы мен хәкімдігін парықтап, ықыласты шәкірттер мен ынталы жастың санасына салмақ салу, Абайдың астарлы сөзі мен ғақыли дәлелдерін дәйектеу. ҚБТУ-да өткен 3 шоғырлы дәрістің нәтижесі ретінде тыңдаушы студенттер арасында TEDxAbay ойталқысы өтті. TEDxAbay алаңында тың тұжырым ұсынып, соны пікір айтқан студенттерге шәкіртақы қарастырылды. Дәріске белсене қатысқан тыңдармандарға арнаулы сый-сияпаттар, абайтанушы ғалымдардың еңбектері таратылды. Бұл шара-ҚБТУ-дың «Нұрлы ақыл, Ыстық қайрат, Жылы жүрек» қағидаттарын өмірге енгізудің жарқын мысалы болды. Университет тек техникалық білім ордасы ғана емес, руханият пен ізгіліктің ұясындай әсер қалдырды. Ең тың идеялар мен соны пікірлер үшін бес жеңімпазға жүлделі шәкіртақы табысталды, белсенді қатысушылар сертификат пен естелік сыйлықтар алды. Абай – қазақ руханиятының тірегі, ақыл-ойының дәлел-құжаты.
Басқа жаңалықтар