«Пластикке балама бар ма?» дебаты
18.11.2025 күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасы “Шетел тілі: екі шетел тілі” мамандығының 1-ші және 3-ші курс студенттері арасында “Пластикке балама бар ма?” тақырыбында дебат өтті.
Дебаттың негізгі мақсаты - №14 Теңіз экожүйлерін сақтау Тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру аясында студенттерді экологиялық ойлау мәдениетіне баулу, пластик тұтынуды азайту жолдарын іздеу және заманауи технологиялардың ұсынатын мүмкіндіктерін бағалау.
Пікірталас барысында студенттер теңіз суларындағы пластик қалдықтарының көлемі, пластиктің табиғатқа әсері, қайта өңдеу және балама материалдар технологиялары туралы деректерді талқылады.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Нәбиева Гүлназ Серікқызы, «6В01704 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-курс және і-курс студенттері.
Басқа жаңалықтар