Чжуннань университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдерінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кездесуіFarabi University

Чжуннань университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдерінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кездесуі

3 қараша, 2025

03 қараша 2025 жылы Чжуннань экономика және құқық университеті, журналистика және мәдени коммуникация факультеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасының делегациясы халықаралық ынтымақтастықты тереңдету және халықаралық қытай тілі білімін дамыту мақсатында Уэньбо ғимаратының бесінші қабатындағы мәжіліс залында кездесу өткізді. Кездесуді журналистика және мәдени коммуникация факультетінің партия хатшысы Цзи Цюнь жүргізді. Екі тарап қос дипломды магистратура бағдарламасын бірлесіп іске асыру, ғылыми ынтымақтастық және кадр алмасу сияқты мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты.

Кездесу басында партия хатшысы Цзи Цюнь ханым Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен келген әріптестерін жылы қабылдап, өзара бірлесіп атқарылатын жұмыстарда табыстар тіледі. Цзи Цюнь ханым журналистика және мәдени коммуникация факультетінің профессор - оқытушылар құрамы және кадр даярлау бағытындағы ерекшеліктері мен жетістіктерін жүйелі түрде таныстырып, университетімізбен тұрақты, әрі тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделі екендігін жеткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, делегациясы жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Авакова Рау­шан­гүл Амирдинқызы Қытай тарапынан көрсетілген жоғары деңгейдегі ілтипат үшін алғыс білдіріп, университет, факультет, кафедра туралы толық таныстырып, біздегі ғылыми артықшылықтар мен профессор - оқытушылар құрамы туралы баяндады. Ол әсіресе, шет тілі және қытай тілі мамандығының дамуы мен болашақ жоспарларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, тілдік білім беру саласында нақты әрі мазмұнды әріптестік орнатуда сәттілік тіледі.

Өзара кездесу барысында журналистика мен мәдени коммуникация факультеті қытай тілі кафедрасы профессоры Тан Фэй халықаралық қытай тілі білім беру магистратурасының даярлау мақсаттарын, білім беру бағдарламасын, оқу бағдарламасы мен қабылдау, бітіру талаптарын, сондай-ақ алдағы переспективалар туралы жан-жақты түсініктеме берді. Қытай тілі кафедрасы меңгерушісі, доцент Чжу Хао бұл бағдарламаның Қазақстан тарапындағы жоғары білікті жергілікті қытай тілі мұғалімдерін даярлау сұранысымен толық сәйкес келетінін, қос дипломды бағдарламаны ілгерілетуге негіз қаланғанын айтты.

Талқылау барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасы қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдары кандидаты Перизат Елубаева, PhD доцент Шолпан Кудьярова, аға оқытушы Сабира Матай және Халықаралық бренд маркетингі және визалық қолдау орталығының жетекші маманы Нұрбек Кенесхан, ал Қытай тарапынан Халықаралық білім факультетінің қызметкері Дэн Чжэнь, қытай тілі кафедрасы оқытушысы Тян Пэйлан білім беру бағдарламасы негізінде оқу жоспарын сәйкестендіру, жобаны үйлестіру тетіктері жайлы маңызды мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасып, ынтымақтастықты ілгерілетудің келесі қадамдары жөнінде өзара ортақ келісімдер жүргізді.

Кездесу соңында журналистика және мәдени коммуникация факультеті  деканы, профессор Ю.Сюцай қорытынды сөз сөйледі. Ол қазақстандық әріптестермен жүргізілген келіссөз нәтижелеріне жоғары баға берді. Профессор Ю. Цайцию Қазақ ұлттық университетімен бірлескен жобаларды толық қолдайтынын, қол жеткізілген келісімдерді нақты іске асыруға белсенді түрде ықпал ететінін, екі тараптың өзара келісім нәтижесінде ынтымақтастық және гуманитарлық байланыстар мен білім беру саласындағы жаңа белестерді бірлесе шешуде өз көмегін аямайтындығын атап өтті.

Кездесуден соң қытай және қазақстандық қатысушылар естелікке суретке түсіп, бірлесе отырып екі университет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін белгіледі. Бұл кездесу өзара түсіністікті арттыруға, ынтымақтастық бағытын нақтылауға зор ықпал еткенін, Орталық Қытай Қаржы-Экономика және Құқық университетінің халықаралық стратегиясын ілгерілетуде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы білім берудегі маңызды қадамы болғаны атап өтілді. Екі тарап та кездесуде қол жеткізілген нәтижелерді жедел жүзеге асырып, бірлескен жобалардың жақын уақытта табысты іске асуына ортақ ниет білдірді.

 

Түркітану және тіл теориясы кафедрасы

 профессор оқытушылары Р.Авакова,

Ш.Кудьярова, П.Елубаева, С.Матай.