- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мехмат факультетінде студенттердің жетекші ғалымдармен кездесуі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мехмат факультетінде студенттердің жетекші ғалымдармен кездесуі өтті
2025 жылғы 19 қараша күні сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде 3–4 курс студенттерінің математика мен механика саласындағы жетекші ғалымдармен кездесуі өтті.
Шараның құрметті қонағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор, физика-математика ғылымдарының докторы Нурсултанов Ерлан Даутбекұлы болды. Кездесуге сондай-ақ физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Балтабек Есматұлы Кангужин және Математика кафедрасының меңгерушісі Сырым Еркінұлы Қасенов қатысты.
Кездесу барысында профессор Е.Д. Нурсултанов математиканың қазіргі даму бағыттары, ғылыми мансаптың мүмкіндіктері және іргелі зерттеулердің технологиялық прогрестегі рөлі туралы лекция-сұхбат өткізді. Ерекше назар бүгінгі күні жас мамандарға қандай құзыреттер қажет екеніне және студенттердің жоғарғы курстардан-ақ өздерінің кәсіби өсу траекториясын қалай құрастыруына аударылды.
Студенттер ғылыми тақырыпты таңдау, гранттық жобаларға қатысу, рейтингтік журналдарда мақалалар жариялау, тағылымдамалар және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы белсенді түрде сұрақтар қойды. Еркін пікір алмасу форматы қатысушыларға танымал мамандардан практикалық кеңестер алуға және болашақ кәсібі жайлы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Кездесу қорытындысы бойынша мұндай іс-шаралар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуын ынталандыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен, атап айтқанда ТДМ 4 «Сапалы білім» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» мақсаттарымен сабақтасып, университеттер ынтымақтастығы мен жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын айқындады.
Математика кафедрасының меңгерушісі
Касенов С.Е.
Математика кафедрасының меңгерушісінің
Ғылыми-инновациялық жұмыс және
халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары
Досмағұлова Қ.А.
Басқа жаңалықтар