«Рухы биік қаламгер»Farabi University

«Рухы биік қаламгер»

19 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің «Қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студенттері,магистранттары, 4-ТДМ «Сапалы білім беру» аясында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары: филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор С.Қалқабаева, PhD-доктор Г.Оспановамен бірге 2025 жылдың 19 қарашасында ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығы мен "Парасат" орденінің иегері Досжан Сауле Мағазбекқызымен жүздесті.

Жүздесу барысында «Қасірет пен Тағдыр», Үзілмеген Үміт» романдары талданып, үзінділер оқылып, ой-пікірлер ортаға салынды. Жазушы студенттер мен магистранттар оқыған үзінділерге, өзіндік ой-пікірлеріне тәнті болды. Сұрақтарына шын көңілмен жауап бере отырып, ақыл-кеңесін де айтты.

           Шығармашылық жүздесу өте тартымды өтті. Студенттер де өз ықыластарын білдірді.