Діни экстремизмнің алдын алу жолдары мен қоғамдағы орны
2025 жылдың 13 қарашасында «Аударма ісі» мамандығының 4-курс студенттерімен «Діни экстремизмнің алдын алу жолдары мен қоғамдағы орны» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ эдвайзері Алпысбаева Айгүл ұйымдастырды.
Кураторлық сағат барысында діни экстремизм ұғымы, оның қоғамға тигізетін кері әсері, жастар арасында радикалды идеологияның таралу себептері мен оны болдырмау тетіктері жан-жақты талқыланды. Студенттер құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығы, ақпараттық қауіпсіздік, деструктивті ағымдарды тану тәсілдері жөнінде пікір алмасты. Постерлер жасады. Сонымен қатар, нақты өмірлік мысалдар негізінде алдын алу шаралары мен азаматтық жауапкершілік мәселелері қарастырылды.
Іс-шара студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, экстремизмнің алдын алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Басқа жаңалықтар