ТДМ №4: Жазушы Мақсат Мәлікпен шығармашылық кездесу өтті
2025 жылдың 18 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы жазушы, қазіргі қазақ прозасының өкілі Мақсат Мәлікпен шығармашылық кездесу өткізді. Іс-шараны кафедраның аға оқытушысы Тлеубаев Советхан Баянұлы және 2-курс магистранттары ұйымдастырды.
Жиынға Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі Дәрібаев Самал, филология ғылымдарының докторы Сәуле Баймырзақызы, аға оқытушы Болатхан Серғазыұлы қатысып, кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Кеш барысында жазушы Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» шығармасы талқыланды. Магистранттар түрлі тақырыптар бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, шығармадағы көркемдік ерекшеліктер мен идеялық мәнге терең талдау жасады. Көрермендер өз пікірлерін білдіріп, туынды төңірегінде қызықты сұрақтар қойды. Автор қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, шығарманың жазылу тарихы, идеясы мен қазіргі қоғамдағы орны туралы ойларымен бөлісті.
Шығармашылық кездесу студенттер үшін жазушымен тікелей жүздесіп, әдеби процестің қыр-сырына үңілуге мүмкіндік берген тағылымды әрі әсерлі шара болды.
Басқа жаңалықтар