2025 жылғы 21 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде Тұрақты даму мақсаты – ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында «Заң және тәртіп» атты іс-шара өтті.
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының шақыруымен Алматы облысы ПД ВПП инспекторы, Алатау қаласы полиция бөлімінің полиция лейтенанты Күнгеев Ерасыл Асхатұлы іс-шараға қатысып, баяндама жасады.
Кездесу барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктері талқыланды. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, полиция қызметкерлерінің қызметі туралы практикалық ақпарат алды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді және бейбітшілікті нығайту, әділдікті қамтамасыз ету және тиімді институттарды дамытуға бағытталған ТДМ 16 міндеттерімен үйлеседі.
Іс-шараны к.ю.н., профессор міндетін атқарушы Нұрахметова Г.Г. жетекшілік етіп ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының жастарының құқықтық санасы мен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін шынайы алғыс білдіреміз!