Ғылым мен инновациялық жұмыстың басты бағыты – халықаралық жарияланымдарFarabi University

Ғылым мен инновациялық жұмыстың басты бағыты – халықаралық жарияланымдар

23 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы» кафедрасында 2025 жылдың қазан айында оқыту-профессор құрамының ғылыми әлеуетін арттыруға арналған халықаралық жарияланымдар базасы туралы ғылыми семинар ұйымдастырылған болатын. Семинар барысында кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары ретінде «Ғылыми құзыреттілікті арттыру бағытында Scopus, ORCID және Google Scholar платформаларымен жұмыс» тақырыбында баяндамамыз ұсынылды. Аталған баяндама «Ғылым мен инновациялық жұмыстардың басты мәселелері: пәнаралық зерттеулердегі тілдік дайындықтың рөлі» атты университеттің тұрақты даму мақсаты (9-ТДМ) негізінде жасалды.

Семинар барысында презентация арқылы, халықаралық базалармен жұмыс жасау туралы мазмұнды ақпараттық семинар оқылды. Бұл кафедра оқытушыларының кәсіби құзіреттілігін арттыруға, Scopus және Web of Science секілді әлемнің мықты баспаларынан ғалымдарымызға ғылыми мақалаларын жариялап, университеттің ғылым-инновациялық жұмыстарының дамуына белсене қатысуын дамыту негізінде жасалды. Шетелдік студенттердің тілдік дайындығын қалыптастыру үшін халықаралық тіл үйретудегі озық методикалық үлгілермен танысу үшін аталған платформалар зор маңызға ие. Әрі оқытушы-профессор құрамының жарияланым белсенділігін арттыру, ғылыми еңбектердің көрінісін кеңейту және халықаралық ғылыми кеңістікпен ықпалдастық орнатуда жол көрсетуге септігін тигізеді. Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта дамыса университеттің ғылыми беделінің артуына, еліміздегі ғылымның дамуына қосылған айтарлықтай үлес болар еді.

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының оқытушысы,

ғылыми жұмыстар бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары

Айгүл Асенова Халдарқызы