«Математика» кафедрасының ф.-м.ғ.к., ассистент профессоры Кабидолданова А.А. AG World Championship марафонына қатысып, жоғары нәтиже көрсеттіFarabi University

«Математика» кафедрасының ф.-м.ғ.к., ассистент профессоры Кабидолданова А.А. AG World Championship марафонына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті

18 қараша, 2025

«Математика» кафедрасының ф.-м.ғ.к., ассистент профессоры Кабидолданова А. А.

AG World Championship марафонына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті

 

2025 жылғы 2 қарашада Нью-Йорк қаласында (АҚШ) өткен AG World Championship әлемдік марафон чемпионатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті Математика кафедрасының ассистент профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Кабидолданова Алтынай Аманжолқызы 42,195 км қашықтықты 3:11:24 нәтижесімен сәтті аяқтады.

 

AG World Championship — World Marathon Majors рейтингінде жоғары орында тұрған үздік әуесқой марафоншылар іріктелетін халықаралық чемпионат.

 

Кабидолданова А.А. бұл додаға қатысу құқығын 2024 жылғы әлем чемпионатында (Сидней, Австралия) көрсеткен жоғары нәтижесі арқылы алды.

 

Бұл жетістік кафедра имиджін көтеріп қана қоймай, ЦУР-дың бірнеше маңызды бағыттарына үлес қосады:

            •           ЦУР 3 – Денсаулық және игілік: салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық белсенділікке ынталандыру;

•           ЦУР 5 – Гендерлік теңдік: ғылым мен білім саласындағы әйелдердің көшбасшылығын қолдау;

•           ЦУР 4 – Сапалы білім: университет қызметкерлерінің жан-жақты дамуына жағдай жасау;

•           ЦУР 17 – Тұрақты даму үшін серіктестік: жаһандық деңгейдегі халықаралық спорттық қозғалыстармен өзара байланыс.      

   

          Математика кафедрасының меңгерушісі

Касенов С.Е.

Математика кафедрасының меңгерушісінің

Ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Досмағұлова Қ.А.