ҚазҰУ-да «Макроэкономика» пәні бойынша университетаралық олимпиада өттіFarabi University

ҚазҰУ-да «Макроэкономика» пәні бойынша университетаралық олимпиада өтті

20 қараша, 2025

2025 жылы 19 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде Экономика кафедрасының ұйымдастыруымен ТДМ 4,16 көрсеткіштері аясында «Макроэкономика» бойынша университетаралық пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЭжБЖМ, Абай атындағы ҚазҰПУ және Каспий Қоғамдық университеттерінен «MacroMIND», «MacroInvictus», «Macro Masters», «Ел болашағы» және «Қарқынды қадам» командалары қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – 2025 жылғы Президенттің халыққа жолдауындағы «экономикалық жаңғыру» басымдықтарына сәйкес студенттердің макроэкономикалық талдау дағдыларын дамыту және дарынды жастарды анықтау.

Іс-шараны ЭжБЖМ деканы Ж.Ж. Ермекова салтанатты түрде ашып берді. Сонымен қатар, деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Д.Б. Канагатова мен Экономика кафедрасының меңгерушісі Ғ.Р. Даулиева қатысты.

Сайысқа қатысушылар макроэкономика саласындағы кәсіби шеберлігін, жоғары деңгейдегі білімін және аналитикалық қабілеттерін көрсетті.

Қорытынды бойынша қазылар алқасы – «Экономика» кафедрасының оқытушылары Ж.Т. Бейсенбаев, Т.П. Табеев, Д.Р. Тураров, И.У. Кулиев – жеңімпаздарды анықтады:

  • 1 орын — «Macro Invictus»,
  • 2 орын — «MacroMasters» және «Macro MIND»,
  • 3 орын — «Қарқынды қадам» және «Ел болашағы».

Сондай-ақ жетекшілер: PhD, қауымдастырылған профессор Каримова Мадина Дәутовна, э.ғ.м., аға оқытушы Сырлыбаева Мақпал Торебековна, э.ғ.м., аға оқытушы Бактиярова Әлия Жалеловна алғыс хаттармен марапатталды.

ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері тамаша нәтиже көрсетіп, жарыстың жеңімпазы атанды!

Бұл жетістік – студенттердің табанды еңбегі мен жігерінің, сондай-ақ оқытушылардың кәсіби жетекшілігінің жемісі. Қатысушыларға болашақ білім жолында үлкен табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!