Тұрақты даму мүддесіндегі білімFarabi University

Тұрақты даму мүддесіндегі білім

22 қараша, 2025

Тұрақты дамуға бағытталған білім беру – бұл білім беру процесінің сапасына қатысты Тұрақты даму мақсатының (ТДМ №4) ажырамас бөлігі. Тұрақты даму қағидаттарын енгізу білім беру жүйесіне оң әсер етіп, оның жақсаруына, жаңғыртылуына және ілгері дамуына ықпал етеді. Атап айтқанда, мектеп, жоғары оқу орнына дейінгі және жоғары оқу орнындағы білім беру тұрақты даму контекстінде дамып келеді, бұл кәсіби дайындықтың жоғары сапасын және біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді. Оқытушылардың экологиялық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Бұл қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлерін шеше алатын болашақ мамандарды тәрбиелеу үшін өте маңызды.

2025 жылғы 20 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктерді тілдік және жалпы білім беру даярлау кафедрасы оқытушылар құрамына арналған «Тұрақты даму мүддесіндегі білім» тақырыбында семинар өткізді. Коуч ретінде филология ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі Б.М. Айтбаева сөз сөйледі. Семинар барысында тұрақты дамудың мақсаттары, сипаттамалары мен міндеттері, сондай-ақ осы тақырыпқа байланысты бірқатар пікірталас мәселелері және оларды шетелдік тыңдаушылармен жұмыста шешу жолдары талқыланды. Семинар конструктивті атмосферада өтті. Оқытушылар өз тәжірибелерімен белсенді бөлісіп, осы маңызды күн тәртібін оқу процесіне біріктіру жоспарларын белгіледі.

 

Қазмагамбетова А.С., Нусретиллаева И.К.,

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті